«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

МАРКЕТОЛОГТАР КЛУБЫ

2016 жылдың 26 мамырында Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы директорының бұйрығымен Маркетологтар клубы құрылды. Клубты құрудың негізгі мақсаты-қазіргі заманғы технологиялар мен клуб қатысушыларының маркетингтік өзара іс-қимыл механизмдері саласында Алматы қаласының маркетологтарының кәсіби дайындығына және біліктілігін арттыруға жәрдемдесу, тәжірибе алмасу, қазақстандық бизнестен тәжірибелік мысалдарды талдау.

Клуб палата мамандарының және шақырылған кәсіби жаттықтырушылардың, Алматы қаласының жетекші және сұранысқа ие маркетологтарының, тәжірбие алмасушылардың, жобалардың үлкен портфолиосы бар кәсіпкерлердің, ALMA University, KIMEP, UIB сияқты Алматы қаласының Бизнес мектептері мен университеттерінің оқытушыларының қатысуымен пікірталас алаңы форматында жұмыс істейді.

Клуб отырыстарында өзекті тақырыптар қарастырылады:

- «Дағдарыс жағдайында ШОБ-ты ілгерілетудің заманауи шешімдері»;

- «Жедел талдау және мақсатты аудиторияны таңдау»;

- «Интернет маркетингтің инновациялық технологиялары»;

- «Отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру»;

- «Импорт алмастыру мәселелері» және басқалар.

Отырыс айына бір рет өткізіледі. Клубтың жұмысы мемлекеттік қолдаудың әлеуметтік-бағдарлы бизнес-бағдарламаларын және Алматы қаласы ӨКП қызметін насихаттауға, кәсіпкерлік белсенділіктің деңгейін арттыруға, кәсіпкерлердің қазіргі заманғы бизнесте маркетингтік шешімдерді енгізудің маңыздылығын түсінуіне ықпал етті.

Клубтың алдағы отырыстары туралы барлық жаңалықтар, сондай-ақ өткен отырыстардың тікелей эфирлері фейсбуктегі «Бизнес в Алматы» тобында жарияланатын болады.  Клубқа қатысу тегін.

 

Байланыс телефон: 8 (727) 33-101-33

 

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер