«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫС» ҚҰРАЛЫ

Құрметті Кәсіпкерлер, Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы Сіздерді «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға шақырады!

Жобаның мақсаты-халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсету. Жоба екі кезеңнен тұрады.

1 кезең. Біліктілікті арттыру және кәсіпкерлікті жүргізудің қазіргі заманғы әдістеріне, маркетингке, бизнес-серіктестермен іскерлік байланыстар орнатуға үйрету бойынша тегін 3 апталық бизнес-тренингтер (шетелдік және отандық бизнес-тренерлер мен консультанттардың басшылығымен).

                                            Оқыту бағдарламасы

Тренинг аяқталғаннан кейін:

• Бизнес-жоспарларды дербес пысықтау.

• Курстарды сәтті аяқтау туралы сертификат алу.

Қатысу шарттары:

1.      Кәсіпорын мәртебесі: шағын немесе орта кәсіпкерлік;

2.      Қатысушының лауазымы: кәсіпорынның орта буынының басшысынан немесе басшысынан төмен емес;

3.      Ағымдағы қызмет: экономиканың басым секторларының тізбесіне сәйкес болуы тиіс («Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасына 1-қосымша»);

4.      Шығыстар: бизнес-тренингтер тегін жүргізіледі.

  1. кезең. Германиядағы 4 апталық тақырыптық бизнес-тағылымдама және шетелдік ұйымдармен іскерлік байланыстар орнату

әріптестермен төмендегі мәселелері бойынша:

  • технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу;
  • тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өзара жеткізу;
  • франшизалар мен лицензиялар сатып алу;
  • халықаралық және шетелдік ұйымдардың гранттарын алу;
  • бірлескен кәсіпорындар құру.

Тағылымдамаға қатысушыларды іріктеуді Қазақстан-Герман бірлескен комиссиясы жүзеге асырады және оған:

  • үміткерлермен олардың тағылымдамаға қатысу мақсаты туралы әңгімелесу;
  • жобалық тапсырманы бағалау;
  • конкурстық құжаттаманы талдау.

Қатысу шарттары:

  1. Назарбаев Университетінде бизнес-тренингтерді (жобаның бірінші кезеңін) аяқтау туралы немесе "ШОБ топ-менеджментін оқыту" компоненті бойынша сертификаттың болуы;
  2. Қазақстаннан тағылымдамадан өту еліне және кері қайту үшін, сондай-ақ тұру үшін шығыстар қатысушы көтермейді. Қазақстаннан ұшып шығу орнына қатысушы өз бетінше жетеді.

Өтінім нысанын мына жерден көшіріп алуға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін мына мекен-жай бойынша хабарласыңыз:

Алматы қ. Кәсіпкерлер Палатасы: Алматы қ., Жібек жолы д-лы, 135, қабат-8.

Байланыс телефоны: 8 (727) 33 101 33 ішкі.7557

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: Алматы қ., Достық даңғ., 160. Байланыс телефоны: 8(727)3310133.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер