«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі Өңірлік кәсіпкерлер палатасының тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органы.

Кеңестің басты міндеті – іскерлік ортада белсенділігін арттыру мақсатында әйелдерді бір одаққа біріктіру. Кеңестің өз алдына қойған басты мақсаты – қыз-келіншектерді мүмкіндігінше кәсіпкерлікке тарту.

Кеңестің міндеті:

Кәсіпкер әйелдің экономикалық белсенділігін ынталандыру;

Әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

«Іскерлік әрі әлеуметтік белсенді әйел» мәртебесін жоғарылату;

Әйелдерге арналған жаңа жұмыс орындарын ашу,  оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамту жағдайында да жұмыс орнымен қамтамасыз ету;

Бизнес ортада гендерлік тепе-теңдік.

Кеңес өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

- республикадағы шағын және орта бизнесті қаржыландыру жүйесі туралы ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;

- жаңадан кәсіптерін бастаған кәсіпкер әйелдерге ұйымдастырушылық, әдістемелік, кеңестік және ақпараттық көмек көрсету;

- перспективалық бизнес-идеяларды, жобаларды қолдау;

- іскер әйелдердің экономикалық біліктілігін арттыру және олардың арасындағы іскерлік байланысты жақсарту;

- облыстардың, қалалардың және кәсіпорындардың экономикалық дамуының тиімді жолдары бойынша кәсіпқой кәсіпкер әйелдердің тәжірибесімен алмасу;

- қазақстандық және шетелдік кәсіпкер әйелдер арасында, оның ішінде қазақстандық және шетелдік кәсіпкер әйелдер арасындағы мәдени және экономикалық әріптестік  мәселелері бойынша сындарлы диалог орнату;

- шетелдік іскер топтарда еліміздің кәсіпкер әйелдерінің оң имиджін қалыптастыру.


АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ

БАҒЫТЫ: КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫ

Мақсаты: кәсіпкерлердің экспорттық және инвестициялық бастамаларын қолдау.

Кәсіпкерлерді коммуникация, маркетинг, қаржы салаларында оқыту.

1.

ЕРАЛИЕВА

Ақеркін Егембергенқызы

 Алматы қаласы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

 2.

ШАЯХМЕТОВА

Үміт Болатханқызы

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрағасы

 

3.

ЖҰБАНИЯЗОВА

Жанар Әділбекызы

 

Halyk life төрағасы

 

 БАҒЫТЫ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Мақсаты: әлеуметтік саладағы кәсіпкерлікті дамыту. Медициналық туризмді дамыту. Әлеуметтік кәсіпкерлік және денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру.

4.

КАН

Светлана Олеговна

 

«Korean Medical Travel» ЖШС бас директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, таэквондодан қара белбеу иегері.

 

5.

ҚАНАҒАТОВА

Алмагүл Медихатқызы

Қазақстанның Кәсіпкерлік университеттері қауымдастығының төрағасы, Almaty Management University президентінің кеңесшісі. Философия ғылымдарының докторы, доцент.

 

6.

ЛИ Елена Эдуардовна 

«Dolce Pharm» компаниясының құрылтайшысы

БАҒЫТЫ: ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ БАҚ

Мақсаты: PR кампанияларын, баспасөз конференцияларын өткізу, қоғамның әлеуметтік осал топтары үшін қайырымдылық акцияларын өткізу. Балалардың, жалғызбасты аналардың, қарттардың құқықтарын қорғау бойынша іс-шаралар өткізу.

 

7.

КАРАУЛОВА

Әсел Әділқызы

 

Қазақстан баспасөз клубының президенті

8.

САЙЫН Аружан

 

 «Мейірім» еріктілер қоғамы қорының директоры

Қоғам қайраткері, тележүргізуші, актриса. «Аружан және компания» продюсерлік орталығының жетекшісі

 

БАҒЫТ: СӘН ЖӘНЕ ДИЗАЙН

Мақсаты: жас дизайнерлерді қолдау, оқыту, сән индустриясы алаңдарын құру, іс-шаралар ұйымдастыру, жеңіл өнеркәсіптегі бастамаларды қолдау.

 

9.

ТҰРЫСБЕК Айнұр Заутбекқызы

 

Дизайнер. Заң ғылымдарының докторы, профессор

 

10.

АРАЛБАЕВА Сымбат Қабдылхамитқызы 

 

 

 

«ASD Jewellry» брендінің және «CarloBay» сұлулық орталығының негізін қалаушы

11.

БЕРТАЕВА Жанель

 The Front Row, Kazakhstan Fashion Institute негізін қалаушы

 Mercedes-Benz Fashion Week Бас директоры

 

12.

КИМ

Ольга Вячеславовна 

Brosh, Athena және OlgaKim Jewellery брендтерінің негізін қалаушы, танымал Instagram блогері

 

13.

АПЕНКО

Инна Сергеевна

 

Mimiorikі Бас директоры

 

БАҒЫТЫ: RESTO CLUB

Мақсаты: қоғамдық тамақтандыру саласындағы жас кәсіпкерлерді қолдау және оқыту

 

14.

ҮСЕНОВА

Айзада Кубанышбекқызы

 «Social Coffee», «Urban Coffee», «Daily» кофеханалардың басқарушы директоры

 

15.

БУГИМБАЕВА

Шынар Шаймарданқызы

 

«Кағанат Сервис» компаниясының Бас директоры

 

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер