Әлемдік тәжірибе
Экономикасы дамыған әлем елдері кәсіпкерлік саласын дамыту, қолдау құрылымын қалыптастыру бойынша өзінің тарихи жолын басынан кешті. Алайда барлық мемлекеттердің жүйесінде кешенді тәсіл мен мемлекеттік қолдау механизмі бар.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құруда бизнес-қоғамдастықтарды ұйымдастырудың континенталді моделі негізге алынды. Палатаның кәсіпкерлердің жалпыға бірдей мүшелігі моделі континенталді (еуропалық) моделіне негізделген. Бұл модель Франция және Германияда әзірленіп, еуропаның жетекші елдерінде сәтті жүзеге асып жатыр.
Бүгінде Еуропалық Одақтың 19 миллион кәсіпорны ішінен 15,5 миллион кәсіпорын жалпыға бірдей міндетті мүшелік бизнес-ортасында жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш 90%-ға тең. Германия, Франция, Италия, Испания, Нидерланды, Греция, Австралияда; Еуропалық одақтан тысқары Түркияда кәсіпкерлерді біріктіру үдерісінде мүшелік кәсіппен айналысатын әр тұлғаға міндетті. Осы модель нәтижесінде бұл мемлекеттер экономика дамуында қарқынды көрсеткіштерге қол жеткізген.
Міндетті мүшеліктің континенталді моделі 6 бағытпен мінезделеді:
- Арнайы заңнама палаталар қызметін реттейді (қоғамдық құқық мәртебесі);
- Заң міндетті мүшелікті бекітеді;
- Палаталар Үкімет жанынан ресми консультативті мәртебеге ие болады;
- Әр палатаның өзінің жұмыс істеу территориясы белгіленеді;
- Палаталар өздеріне артылған міндетті орындауға міндеттеледі, олар мемлекеттік бақылауға жатады.