«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қуаңшылықтан кейінгі қыстақ: Арыста мал азығын дайындау мәселесі талқыланды

2025 жылғы 15 Қазан
- Түркістан облысы
138 просмотров

Арыс қаласында қуаңшылық салдарынан қысқы мал азығын дайындау және жеткізу мәселелеріне арналған маңызды кеңес өтті.

Кеңеске Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жолдасбеков Жорабек Сазанбекұлы, жергілікті шаруа қожалықтарының өкілдері мен жауапты сала мамандары қатысты.

Жиында мал қыстату науқанына дайындық барысы, шөп бағасының өсуі мен тасымал шығындары, сондай-ақ жем-шөп қорын тиімді қалыптастыру жолдары талқыланды.

Мамандар қуаңшылықтың салдарын жеңілдету үшін шаруаларға қолдау көрсету тетіктерін қарастырып, аудан аумағындағы шөп қорын қайта бөлу және басқа өңірлерден жеткізу механизмдерін пысықтады.

Кеңес қорытындысында аудан әкімдігі мен шаруалар бірлесе отырып, қыстың ауыр кезеңін еңсеруге бағытталған іс-қимыл жоспарын бекітті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174