«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодардағы «Атамекен» Палатасы бизнесті жаңа Салық кодексімен жұмыс істеуге үйретеді

2025 жылғы 29 Қыркүйек
- Павлодар облысы
275 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы 9 қазан күні бизнес субъектілерін «2026 жылғы жаңа Салық кодексі: өзгерістерге шолу» атты семинарға шақырады. Семинар сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.

Семинарды келесі сарапшылар жүргізеді: «Fortune Partners» ЖШС-нің бас директоры, заң ғылымдарының кандидаты, M. Нарикбаев атындағы университеттің Салық құқығы мектебінің директоры, Қазақстан Жоғарғы сотының бұрынғы судьясы Дана Токмурзина, «Fortune Partners» ЖШС-нің Салық департаментінің директоры Олжас Қасенов – Қаржы министрлігінің департаменті мен Мемлекеттік кірістер комитетінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, Big 4 және холдингтік құрылымдарда жұмыс тәжірибесі бар маман, Заң қызметтері департаментінің директоры, дауларды шешу, экология және жер қойнауын пайдалану салаларындағы сарапшы, ERG компаниясында заңгерлік сүйемелдеу және консалтинг тәжірибесі бар Руслан Садртдинов.

Семинарда тыңдаушыларға жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер бойынша шолу ұсынылады. Сондай-ақ салықтық әкімшілендірудегі жаңалықтар, халықаралық салық салу, оның ішінде дивидендтер мен роялти төлемдері жөнінде ақпарат беріледі. Бұдан бөлек, салық салу принциптеріндегі өзгерістер мен нақтыланулар, ашықтық, салық органдарының актілері мен әрекеттеріне шағымдану, әкімшілендірудегі заңнамалық өзгерістер (камералдық бақылау және тексерулер), сондай-ақ жаңа мәжбүрлеу және өндіріп алу шаралары, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап заңды күшіне енген кассациялық сатыдағы өзгерістер және істерді кассацияда қарау тәжірибесі туралы айтылады.

Оқыту Павлодар қ., Луговая көшесі, 16 үй, 316-кабинет (конференц-зал) мекенжайындағы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде өтеді.

Семинарға QR-код арқылы немесе келесі сілтеме арқылы тіркелуге болады:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScBL0jalvuF8VhqsQuAHHi2Mnbmn_CKWmyt9dMkm7NAhV6bdA/viewform?pli=1


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174