«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылорда облысы Арал ауданында көшпелі кеңес өтті

2025 жылғы 18 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
134 просмотров

17 қыркүйек күні Арал ауданындық мәдениет үйінде Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

Іс-шараға Палата директоры Пірмұхаммед Сыздық, «Зияткер» инновациялық мектеп-лицейі ЖШС-нің құрылтайшысы, өңірлік кеңес төрағасының міндетін атқарушы Руслан Дүлдүл, сондай-ақ мемлекеттік органдар, қаржы ұйымдары мен өңірлік кеңес мүшелері арнайы келіп қатысты.

Көшпелі кеңес аясында делегация алдымен «Арал құрылыс» ЖШС өндіріс орнында болып, кәсіпорынның жұмысымен және алдағы даму жоспарларымен танысты. Оларды мекеме директоры, Арал аудандық кеңес төрағасы Мейрамбек Құлмырзаев қарсы алып, кәсіпорынның қазіргі жетістіктері мен жоспарларын таныстырды. Сонан соң, аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев делегация мүшелерін қабылдап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Негізгі жиынға Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев төрағалық етті. Жиын барысында Арал ауданы прокуроры Мадияр Бекпанов мемлекеттік қолдау шаралары жайында баяндама жасап, кәсіпкерлерге ұсынылып жатқан мүмкіндіктерге тоқталды.

Палата директоры П. Сыздық өз сөзінде «Арал ауданындағы кәсіпкерлердің белсенділігі мен ынтасы қуантады. Осындай көшпелі кеңестер арқылы біз кәсіп иелерінің нақты мәселелерін тыңдап, бірге шешу жолдарын қарастырамыз. Біздің мақсат — әрбір аудан кәсіпкерлерінің дамуына қолдау көрсету», — деді

Сонымен қатар, арнайы келген мамандар жергілікті кәсіп иелеріне мемлекеттік бағдарламалар мен қаржылай қолдау тетіктерін жан-жақты түсіндіріп, олардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ортақ мәселелерді талқылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174