«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау

2025 жылғы 16 Мамыр
- Ұлытау облысы
126 просмотров

«Мен-кәсіпкер» жобасын түсіндіру және насихаттау аясында Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының шағын және орта бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Шолпан Қасымова Ұлытау өңірінің кәсіпкерлерімен кездесуге қатысты.


Кездесу барысында «Бір ауыл – бір өнім» – жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
– Жобаға қатысу үшін ауыл, аудан, қала тұрғындары өтініш бере алады; ауыл тұрғындарына басымдық беріледі. Бұл жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жергілікті шикізаттан өнім өндіретін белсенді кәсіпкерлер болуы керек. «Бір ауыл-бір өнім» байқауына қатысудың басты шарты – жергілікті табиғи шикізаттан жасалған ауыл өнімдері. Жобаны қолдауға «Атамекен» палатасы көмек көрсетеді. Жоба финалистері 5 миллион теңгеге дейінгі грантқа өтінім бере алады- деп атап өтті Шолпан Ыдырысқызы. Биылғы жылы байқау маусым айында өтеді деп жоспарланған. 
Сондай-ақ жиын кездесу барысында «Даму» қоры мен Аграрлық несие корпорациясының өкілдері шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған қолданыстағы бағдарламалар туралы жан-жақты түсініктеме берді


Еншілес ұйымдар

Серіктестер