«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салық реформасы – бизнес үшін басты сын-қатер

2025 жылғы 19 Ақпан
- Астана қаласы
726 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы алаңында «Энергетика және ТКШ» салалық кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында саланың өзекті мәселелері мен кеңестің алдағы жұмыс жоспары талқыланды. Кәсіпкерлік қауымдастықтың ерекше алаңдаушылығын тудырған негізгі тақырыптардың бірі – жаңа Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер болды. Жаңа шаралар кәсіпорындардың қызметіне әсер етуі мүмкін. Отырыс барысында қатысушылар салық реформасының жекелеген ережелерін түзету бойынша ұсыныстар әзірлеп, оларды одан әрі пысықтау үшін Өңірлік кеңеске жолдады.

Кәсіпкерлерді толғандыратын тағы бір маңызды мәселе – лифтілерге техникалық қызмет көрсету қызметін жеке қызмет түрі ретінде жіктеу. Қазіргі уақытта бұл қызмет 43298 ОКЭД «Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары» санатына кіреді. Алайда, мұндай жіктеу осы салада жұмыс істейтін компаниялар үшін қиындықтар тудырады, себебі олар B2C форматында қызмет көрсетеді. Сондықтан, олар «Бөлшек салық» арнайы салық режимін (АСР) қолдану мүмкіндігіне ие болуы керек.

Отырысқа қатысушылар лифтілерге техникалық қызмет көрсету – бұл ерекше реттеуді және есепке алуды талап ететін жеке қызмет түрі екенін атап өтті. Осыған байланысты бұл қызметті жалпы ОКЭД-тен бөліп шығару және «Бөлшек салық» АСР-ін қолдану мүмкіндігін сақтау туралы ұсыныс Өңірлік кеңеске одан әрі талқылауға жолданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер