«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада инвесторлардың мәселелері талқыланды

2025 жылғы 20 Ақпан
- Астана қаласы
733 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы прокуратура, мемлекеттік органдар, оларға қарасты ұйымдар және бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі тақырыбы – инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде инвесторлар кездесетін әкімшілік кедергілер.

Кездесудің басты мақсаты – бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді анықтау және оларды жою, сондай-ақ инвестициялық бастамаларды қолдаудың тиімді шешімдерін табу. Күн тәртібінде бірлесіп қарастыруды қажет ететін жеті өзекті мәселе талқыланды. Тиімді диалог орнату үшін сәулет, жер қатынастары, коммуналдық шаруашылық, энергетика, көлік, су ресурстары және кәсіпкерлікті дамыту салаларына жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылды.

Талқылау нәтижесінде бірқатар мәселелер бойынша оң шешімдер қабылданды. “Astana Kindergarten” ЖШС тап болған түйткілді жағдай бойынша салалық ұйыммен жұмыс кездесуі жоспарланды. Оның аясында тараптар қосымша материалдарды зерттеп, мәселенің шешу жолдарын қарастырады. Сондай-ақ “Cynosure” ЖШС бойынша да мәселе қаралды. Инвестор мен уәкілетті орган өкілдері жобаны одан әрі келісу үшін қасбеттік шешімдерді талқылауға арналған кездесу өткізуге келісті.

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді жою, бизнестің құқықтарын қорғау және қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Мемлекеттік органдармен және инвесторлармен өзара әрекеттесу туындаған мәселелерді жедел шешуге және кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер