«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұрат Амрин: Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы қазақстандық тауарлардың үлесін ұлғайту басымдыққа ие болуы тиіс

2024 жылғы 11 Қазан
- Атырау облысы
4858 просмотров

Бұл туралы бүгін Атырауда өткен «Тауарлардағы жергілікті қамту: елдің және саланың стратегиялық дамуы» тақырыбындағы семинарда «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Мұрат Амрин атап өтті.

Спикердің айтуынша, қазақстандық тауарөндірушілер өз өнімдерін өткізу проблемаларына тап болуда. «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) сияқты ірі кәсіпорындардың отандық өнімді сатып алуы әзірше төмен деңгейде қалып отыр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ТШО тауарларын сатып алудағы елішілік құндылық үлесі 303,12 млрд теңгенің 6,49% ғанақұрады. Сонымен қатар сатып алудың басқа санаттары (жұмыстар мен қызметкөрсету) бойынша бұл көрсеткіш 74,73%-ға тең әрі айтарлықтай жоғары.

«Салыстырмалы тұрғыда, ҚПО және НКОК компанияларының елішілік құндылық үлесі тиісінше – 10,67% және 24,33% көрсеткішке ие.Бұл ретте КПО бұл көрсеткішті 2032 жылға қарай 30%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр»,-деп атап өтті ҰКП өкілі.

ОТӨ қазірдің өзінде құбырлардан бастап машина жасау жабдықтарына дейінгі өнімдердің кең спектрін шығарады және әрі қарай кеңейтуге дайын. Айта кетейік, Ұлттық палатада 1000-нан астам өндіруші қамтылған тізім бар. Бұл тізім ресми сайта қолжетімді және үнемі жаңа мүшелермен толықтырылып отырады.

Сондай-ақ ҰКП төрағасының орынбасары бүгінде қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары локализация деңгейіне қарамастан, отандық тауарөндірушілердің барлық топтарына қолданылатынын атап өтті.

Аталған шараларды әділ бөлу мақсатында жалған өндірушілерді, сатып алуға қатысудың жалған схемаларын алыптастауға, өндірісте жергілікті шикізатты пайдалануды ынталандыруға, оқшаулау деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін елішілік құндылық үлесін (ЕҚҮ) есептеу әдіснамасына назар аудару қажет.

«Технологиялық операциялар арқылы оқшаулау деңгейін анықтау және ЕҚҮ бағалаудың балдық жүйесі негізінде тауарларды санаттау ұсынылады. Осылайша, реттелетін сатып алуларды қосаалғанда, мемлекеттік қолдау шаралары жоғары локализация деңгейін және оның өсуін көрсететін өндірушілерге әділ түрде қолданылуы керек. Бұл жоғары өңделген салалық кластерлерді дамытуға мүмкіндік береді», - деді Мұрат Амрин. 

Айта кетейік, бүгінде Үкімет Ұлттық палатамен бірлесіп, отандық тауарөндірушілердің тізілімін қайта қарау бойынша жұмыстар жүргізуде.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер