«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» жанындағы салалық кеңес мүшелері қала құрылысын жақсартуға ықпалын тигізуге ниетті

2024 жылғы 02 Қазан
- Алматы қаласы
3306 просмотров

Дереккөз: fishki.net

Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы құрылыс кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.

Оған құрылыс, сәулет, жобалау салаларында кәсібін айтарлықтай жетістіктерге жеткізген 15 табысты ұйымның басшылары кірді. Олар рұқсат пен лицензияларды алу рәсімдерін жеңілдету; бюрократиялық кедергілерді жою; қаржыландыру көздерін табуға көмектесу; шағын және орта кәсіпорындарды қолдау бағдарламаларын әзірлеу; сапа стандарттарының сақталуын бақылау; жер ресурстарын пайдалануға қатысты жанжалдарды шешу; жер телімдерін бөлу процесін жеделдету; құрылыста экологиялық таза технологиялар мен тәжірибелерді талқылау және енгізу; құрылыс саласындағы мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру және салаға қатысты басқа да жобалар мен бастамаларды қолдау мәселелерін қарап бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ықпалын тигізетін болады.

«Біз барлық деңгейдегі барлық мемлекеттік органдармен жұмыс істейміз. Бірақ бастапқыда біз жүйелі түрде қозғайтын сұрақтар пулын қалыптастыруымыз керек. Қажет болған жағдайда жеке жағдайлар да қарастырылады, бірақ күрделі жұмыстың негізі – саладағы орын алып отырған сәйкессіздіктердің жойылуын қалаймыз. Әрине, қысқа мерзіде  бәрі орындала қоймайтынын бәріміз де жақсы түсінеміз, бірақ Кеңестің құзыретіне жататын мәселелерді сараптамалық түрде зерттеп, дәлелмен негіздей отырып қарастырсақ, сала мүдделерін қорғауға барлық жағдай жасай аламыз. Мұндай құзыреттілік пен салалық білім біз үшін өте маңызды. Кеңес құрамына дизайнерлер, кеңесшілер, құрылысшылар, жобалаушыларды енгіздік, яғни өзара іс-қимыл көпшілікке айтарлықтай пайдасын тигізеді деп ойлаймын», - деді «Атамекен» ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов.

RAMS Qazaqstan сатудан кейінгі қолдау департаментінің директоры Болат Өтебеков қатысушы және сарапшы ретінде кеңестің нәтижелі жұмысына бар күшін салуға дайын екенін атап өтті.

«Қазіргі мегаполистер тек бетоннан құйылған зәулім ғимараттар ғана емес. Бұл заманауи, эстетикалық тұрғыда көрікті, сапалы құрылыс болуы тиіс. Ал Алматы, бәріміз үшін ерекше қала. Тарихи тұрғыдан ол тұрғындар мен қонақтар үшін көптеген әдемі орындары бар жасыл, гүлденген қала ретінде қалыптасты. Оны одан да артық көріктендіруге, туристер келуге асық болатындай ету үшін компетенциямыз жететіне  сенімдімін», - деп Болат Өтебеков пікір білдірді.

Жаңартылған құрам жаңа төрағаны да сайлады. Любовь Владимировна Нысанбаева, «Урбостиль» ЖШС директоры құрылыс және жобалау кәсібінің қыр-сырын, табысты бизнестің құпияларын жетік біледі. Компанияның жобалары Қазақстанның барлық дерлік қалаларында жүзеге асырылды.

«Бастпқыда, әріптестерім ойыммен толық келісер деп ойлаймын, қала құрылысы үшін маңызды экологиялық, экономикалық, әлеуметтік және басқа да факторлардың теңгерімді есебін көздейтін құрылыс кодексін дұрыс құру қажет. Заң Дубай, Чикаго немесе Ұлы Британиядағы секілді оңай және ыңғайлы жұмыс істеуі үшін оны заманауи, ыңғайлы етіп қабылдау керек. Бұл ең күрделі мәселе.  Саладағы бизнесті дамыту тек бизнесмендерге ғана емес, барлық пайдаланушыларына пайда тигізетіндей болуы керек. Біздің жұмысымыздың нәтижесі халыққа қызмет етеді. Біздің еңбегіміз - бас жоспар болсын, салынып жатқан үйлер, қоғамдық кеңістіктер болсын – бәрі адамдарға арналған. Сондықтан да оның ерекше мәдениеті, кәсіптілігі болуы керек», - деп Қазақстан қала құрылысшылары одағының президенті, сәулетші Любовь Нысанбаева алдағы жұмыстың бастапқы жоспарын дауыстады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер