Алматы қаласының құрылыс кеңесі өңірлік кеңеске сайлау тәртібін талқылады
Алматы қаласының ӨКП жанындағы құрылыс жөніндегі Кеңестің құрамына құрылыстағы, сәулеттегі, жобалаудағы жетекші ұйымдардың 13 басшысы кіреді. Кезекті отырыс барысында олар өңірлік кеңеске алдағы сайлауды және кеңес өз делегаттарының алдына қоятын міндеттер тізімін талқылады.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана Алматыда 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Тиісінше, тұрғын үй құрылысының серпінді аудандарында әлеуметтік, инфрақұрылымдық объектілердің құрылысы жүргізілуде. Яғни, бұл құрылыс кеңесі құрылыстағы кәсіпкерлерге тікелей қатысты мәселелермен жиі кездесетінін көрсетеді.
«Біз 2025 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын жасаймыз, ол қаланы дамыту міндеттерін, құрылыс шарттары мен қауіпсіздігін ескеруі тиіс. Біз негізгі тақырыптарды атап өттік: жаңарту, жер сілкінісіне төзімділік, сейсмикалық қауіпті аймақтағы қауіпсіздік, құқықтық және қаржылық аспектілер, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу шарттарының құрылыс саласына әсері. Осы мәселелердің біразы келесі жылдың басында сайланатын өңірлік кеңесте қаралуды талап етеді. Біздің делегаттар оларды бірінші орынға қоя алатынына сенімдіміз және сол арқылы құрылыс саласындағы өзекті проблемаларды шешуге ықпалын тигізеді», - деп ой білдірді салалық құрылыс кеңесінің төрайымы Любовь Нысанбаева.
Кеңес отырысы барысында ӨКП директорының орынбасары Жанна Мырзақұлова өңірлік кеңеске сайлау тәртібін атап өтті. Ұлттық палатаның бақылау органы 4 жылға сайланады. Биыл оның құрамына әр салалық кеңестен екі өкіл және аккредиттелген қауымдастықтардан бір өкілден кіреді.
«Атамекен» Ұлттық палатасын трансформациялау аясында салалық кеңес мүшелерінің арасынан Өңірлік кеңес құру көзделген. Белсенді азаматтық ұстанымға ие бола отырып, олар Ұлттық палатаға, бизнес-омбудсменге, Министрлер аппаратына және Үкіметке жолдануы қажет мәселелер пулын дұрыс және нақты қалыптастыра алады», - деп атап өтті Мырзақұлова.
Сайлауға қатысуын салалық кеңестің барлық мүшелері растады. Себебі, мегаполистің бүкіл құрылыс саласының өзекті мәселелерінің түбегейлі шешілуі әр дауысқа байланысты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: