«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда «KazBuild-2024» өтіп жатыр

2024 жылғы 05 Қыркүйек
- Алматы қаласы
5129 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

«Атамекен» өңірлік палатасының ақпараттық қолдауымен Алматыда үш күндік «KazBuild-2024» 30-шы халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі өтуде. Әлемнің 30 елінен 300 қатысушы компания пәтерде, үйде немесе кеңседе жайлылық пен ақылды ортаны қалай қамтамасыз ету керектігін айтып көрсетуде.

Көрмеде құрылысқа арналған жаңа технологиялар мен материалдар, сондай-ақ интерьер дизайны саласындағы инновациялық шешімдер ұсынылған. Келушілер мен қатысушылар үшін көрме құрылыс индустриясындағы соңғы трендтер туралы білуге, ықтимал серіктестіктерді талқылауға және жаңа байланыстар орнатуға тамаша мүмкіндік береді.

«Көрмеге қатысып отырғанымызға өте қуаныштымыз. Бұл Қазақстанның бизнес-қоғамдастығын және әлемді біздің компаниямен, біздің қызметтерімізбен таныстырудың тамаша мүмкіндігі. Біз нарықта 10 жылдан астам қызмет көрсетіп келеміз. Ай  сайын 3,5 мың шаршы метрден астам жоба жүргіземіз, командада 300-ден астам адам бар. Біз инжинирингтік қызметтердің барлық түрлерін ұсынамыз: негізінен техникалық қадағалау, техникалық тексеру, жобалау. Қазақстан нарығында В2Вде белсенді жұмыс істейміз.  Жобаларымыз көпкейінгілердің  бірі «Oi-Qaragai» тау курортын кеңейту, сондай-ақ Көктөбедегі конгресс-холлды қайта құру. «KazBuild» шынымен де жаңа серіктестер табуға көмектеседі. Бізде ІТ бағыты бар, барлық платформаларда қол жетімді жеке қосымшасы бар, ол арқылы тапсырыс беруші қай жерде болса да өз жобасын қашықтан бақылай алады. Жыл сайын «KazBuild», «Uz-Build» және «Kirgiz-build»-ке қатысамыз. Бұл өзін - өзі жариялауға, клиенттермен, серіктестермен және бәсекелестермен танысуға тамаша маркетингтік мүмкіндік», - дейді «Инжиниринг Сервис Групп» ЖШС Алматы филиалы директорының орынбасары Дарын Теңізбаев.

Қазақстан атынан 100-ге жуық компания қатысты. Олардың қатарында аты әлемге тараған  компаниялардың тауар өндірушілері, еншілестері, жеткізушілері бар.

«Біз Қазақстан мен Орталық Азияға 20-дан астам халықаралық брендтердің ең үздік өнімдерін жеткіземіз. Бұл әрлеу материалдары, құралдар және бояу өнімдері. Бізде интерьер дизайнерлерімен бірлесіп жүзеге асырылған 180 мыңға жуық жоба бар. Кейбір кездесулер мен келіссөздер өткізілді, сондықтан біз мұнда жаңа серіктестер, жаңа клиенттер, жаңа достар табатынымызға сенімдіміз», - дейді «AND Asia» компаниясының Солтүстік бағыты бойынша аумақтық менеджері Эдуард Кун.

Сонымен қатар, көрмеде саланың жетекші сарапшыларының шеберлік сыныптары, семинарлары мен презентациялары өткізіледі. Бұл кәсіпкерлер мен құрылыс және дизайн мамандары үшін саланың соңғы тенденциялары мен дамуы туралы білуге тамаша мүмкіндік.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басты қызметі - бизнесті қолдау. Біз кеңес қызметтерін көрсетеміз, заң көмегін, түрлі форумдарды, көрмелерді, конференцияларды, кездесулерді және т.б. ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесеміз, оның ішінде ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеміз. «KazBuild-2024» көрмесінің барлық қатысушыларына нәтижелі жұмыс тілейміз», - деп атап өтті Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Жанна Мырзақұлова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер