«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан мен Дубай арасындағы бизнес-қатынастардың жаңа дәуіріне қадам

2024 жылғы 07 Қараша
- Алматы қаласы
247 просмотров

Дереккөз: liter.kz

Дубайдың сауда-өнеркәсіп палатасы мен Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнестің жоғары өсуінің екі бірегей нүктесі арасындағы халықаралық іскерлік байланыстарды дамытуға және тереңдетуге бағытталған өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасты.

Бұл серіктестік екіжақты сауда айналымын, инвестицияларды, ғылым мен технологияларды, қаржылық қызметтерді және т.б. ынталандыруға бағытталған. Бірлескен жобаларды дамыту, Дубай мен Алматы кәсіпкерлері арасында білім мен тәжірибе алмасу Парсы шығанағы аймағындағы ынтымақтастықты кеңейтеді.

«Біз оқыту және білім алмасу платформаларын құру бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз, әртүрлі бағдарламалар арқылы стартаптарды, шағын және орта бизнесті қолдаймыз. Біздің мақсатымыз - кәсіпкерлерге тез өзгеретін нарық жағдайында сәтті бейімделіп, дами алатындай қажетті ресурстар мен құралдарды қамтамасыз ету. Сондықтан Алматы қаласының «Атамекен» палатасының алаңында және оның қатысуымен В2В форматын қоса отырып көптеген халықаралық кездесулер өтуде. Олар кәсіпкерлерге серіктестер табуға және байланыс орнатуға бірегей мүмкіндік береді. Өз кезегінде келісімшарттарға қол қоюға және жаңа бизнес-жобаларды дамытуға ықпал етеді. Дубай - экономикалық хаб, табысты бизнес-модельдің мысалы. Ал, Алматы - бизнес-кәсіпорындардың негізгі саны шоғырланған қала. Осындай бірлескен бастамалар өңірдің экономикасын нығайтатын және екі елдің кәсіпкерлері үшін нарықты кеңейтетін өзара тиімді жобаларды құруға ықпал ететініне сенімдіміз», - деп атап өтті Нұрсұлтан Шоқанов.

Бизнес-кездесу аясында «Атамекен» ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов пен ТМД және Таяу Шығыс елдері бойынша сауда-өнеркәсіп палатасының өңірлік директоры Абдулла Бакер мырза өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Оған сәйкес екі тарап та өзара мүдделі бірқатар бағыттарды белсенді түрде зерттеуге ниетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер