«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбелік кәсіпкерлерге қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық талаптар түсіндірілді

2024 жылғы 16 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
6637 просмотров

Іс-шара Қазақстандағы бизнесті тексеруге мораторийдің күшін жою аясында өзекті болып отыр. Осыған байланысты Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті  мен жеке СЭС – зертхана өкілдерін шақыра отырып семинар өткізілді.

Департамент басшысының орынбасары Нұрлыбек Досжанов санитариялық қағидасымен реттелетін қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы егжей-тегжейлі айтып, тексеру барысында жиі анықталатын санитариялық бұзушылықтарға тоқталды.

"Бүгінгі таңда бізде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен бекітілген "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидасы қолданыста, онда қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жылына екі рет бізге өндірістік бақылауды жүргізу туралы ақпарат беруі тиіс екендігіне аса назар аударылған. Бұл ақпарат берілмеген жағдайда біз мониторинг жүргіземіз және бұл объектіні міндетті түрде тексеру кестесіне енгіземіз, яғни бұл объектіде тексеру жоспарланатын болады", - деп толықтырды  Департаменттің тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Мейрамгүл Елеуова.

Жеке СЭС-зертханасының өкілдері рұқсат құжаттарын алу тәртібін айтып, санитариялық ережелерді сақтау мәселелеріне тоқталды. Тоңазытқыш және технологиялық жабдықты қамтамасыз ету және тексеру, қажетті ыдыс – аяқ пен мүкәммалдың, жуу және дезинфекциялау құралдарының болуы сияқты бірқатар шарттардың сақталуы — мұның бәрі слайд  сүйемелдеуімен көрсетілді.

"Ас блогының құрамына және тағам дайындау процесіне, сондай-ақ азық-түлікті сақтау шарттарына қойылатын үлкен тізім ұсынылған. Ас мәзірді қалыптастыруға, үй-жайларды жинауға, персоналдың жұмысын ұйымдастыруға және медициналық тексеруден өтуге жеке талаптар қойылады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, гигиеналық стандарттарды әзірлеудегі сараптама және басқа да мәселелер, оның ішінде құқықтық мәселелер бойынша кәсіпкерлер кеңес алу үшін біздің компанияға да жүгіне алады", - деді ЖШС директоры Әсем Ктабалиева жиналғандарға.

Департаменттің өкілдері қарапайым алдын алу ережелерін сақтай отырып, тамақтан улануды болдырмай, тұтынушы және  қызметкерлердің денсаулығын сақтауға болатынын атап өтті. Сондықтан кәсіпкерлерге қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды егжей-тегжейлі зерделеу және мүлтіксіз сақтау ұсынылды.

Кез келген уақытта кәсіпкерлер өз сұрақтарымен  Департаментке  және оның аумақтық  басқармаларына  жүгіне алады. Байланыс нөмірлері: +7 7132 55-77-39, 55-78-12.

Бизнеспен бірлескен кездесу жоспары аясында ай сайынғы негізде Департамент осындай түсіндірмелер жүргізеді. Емдеу –профилактикалық, мектепке дейінгі ұйымдары, коммуналдық және өнеркәсіптік объектілері өкілдерімен кездесу жоспарланған деп хабарлады Департамент басшысының орынбасары Нұрлыбек Досжанов.

Ал Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов жеке мекемелер үшін оқыту іс-шараларының маңыздылығын атап өтті.

"Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлер үшін заңнамалық нормалар мен ережелер туралы барынша ақпарат беру. Бұл мәселе қазіргі уақытта бизнесті тексеруге мораторийдің күшін жою аясында өзекті болып отыр. Осы аптада коммуналдық нысандарға да түсініктеме беріледі. Бұл моншалар, сауналар, шаштараздар, жатақханалар және т.б. Сондай-ақ, 19 қаңтарда сағат 15:00-де кәсіпкерлерді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салық заңнамасындағы өзгерістер, декларациялау және мобильді аударымдар мәселелері бойынша семинарға шақырамыз", - дейді ӨКП басшысы.

Іс-шаралар уәкілетті және фискалдық органдар тарапынан алдағы тексерулер туралы түсіндірулер мен консультациялар бойынша облыстық әкімдік, прокуратура және "Атамекен" арасында қол қойылған бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде өткізіледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер