«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлемдер бойынша қандай өзгерістер күтіп тұр?

2023 жылғы 06 Желтоқсан
- Алматы қаласы
8614 просмотров

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, қорға әлеуметтік аударымдар бойынша кәсіпкерлерді қандай өзгерістер күтіп тұрғаны жайында онлайн семинар өткізді. Семинар сұрақ-жауап форматында өтті.

 Жиынға барлығы 178 кәсіпкерлік субъекті қатысты. МӘСҚ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының бас маманы Балғын Бекмағамбетова қатысушыларды міндетті әлеуметтік сақтандыр қорға әлеуметтік аударымдарды төлеу механизмдері және оларды қайтару, әлеуметтік аударымдар жүргізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне төлеушілер мен қатысушылардың құқығы мен міндеттері, сондай-ақ Міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері бойынша ақпараттандырды.

 «2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 925 қаулысына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері 7%-ға артады», – деді Балғын Бекмағамбетова.

 МӘСҚ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының бас маманы Марал Дәулетова Әлеуметтік кодекс шеңберінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылатынын атап өтті.

 «Енді Әлеуметтік кодекске сәйкес азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар бойынша жұмыс істейтн тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдар 2025 жылдан әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5% мөлшерлемесі бойынша есептеледі», – деді қор өкілі.

 Әлеуметтік кодексте көзделген нормалардың бірі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай жиынтық төлем жойылады.

 Жиын аяғында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының сарапшылары кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 «Әлеуметтік төлемдер тақырыбы бизнестің өзекті мәселелерінің бірі. Мұндай форматтағы консультациялар кәсіпкерлер үшін қажет. Палата алаңында түсіндіру семинарлары тұрақты негізде өтеді. Бүгін қызу диалог өтті, көптеген сұрақ болды. Семинарға қатысушылар бухгалтерлер үшін «БЖЗҚ» АҚ, «ӘМСҚ» АҚ өкілдерімен МЗЖ, МӘМС мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу ұйымдастыруды сұрады», – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту жөніндегі сарапшысы Жанар Ибрагимова.

 Сондай-ақ, кездесу барысында кәсіпкерлерге 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШОБ тексерулеріне мораторийдің аяқталатынын еске салынды.

Түсіндіру семинарларын өткізу туралы ақпарат біздің ресми сайтымызда және Инстаграм, Телеграм әлеуметтік парақшаларында жарияланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер