«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еуразиялық экономикалық одақ кейбір йогурттың құрамын реттемейді

2023 жылғы 19 Қыркүйек
1572 просмотров

Еуразиялық экономикалық одақта 22 қыркүйектен бастап «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке өзгерістер күшіне енеді. Өзгерістер жемістер, дәнді дақылдар және басқа компоненттер қосылған йогурттарға әсер етеді.

«Атамекен» ҰКП техникалық регламенттегі өзгерістерді талқылау кезінде бизнеспен бірлесіп йогурттар құрамын бақылауды алып тастауға мүмкіндік жасалды. Өйткені құрамды зертханалық бақылаумен анықтау мүмкін емес.

 «Атамекен» ҰКП Техникалық реттеу департаменті директорының орынбасары Ерік Жалманбетовтың айтуынша, йогурттар құрамын бақылауды алып тастау мәселесі Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік органдары және бизнес өкілдерімен алты жыл бойы талқыланып келген. Нәтижесінде бұл мәселеге нүкте қойылды.

 «Бастамамыз қолдау тапты. Енді шырышты жемістер, дәнді дақылдар және басқа компоненттердің массалық үлесі тексеруші органдар тарапынан бақылауға жатпайды. Бақылаудың осы көрсеткіші енгізілген жағдайда өндірушілерге объективті тексеру жүргізілер еді. Өйткені бүгінде йогурттың негізгі массасынан шырышты массалардан ажырату тәсілдері жоқ», – деді Ерік Жалманбетов.

Спикер Қазақстанда өнім тізбесін тұрақты түрде кеңейтетін сүт өндіретін 100-ден аса компания барын айтты.  

 «Құрамдас йогурттардағы құрғақ заттарды тексеруді болдырмау жөніндегі талқылауларға белсенді қатысуымыз нәтиже берді. Енді йогурт өндірушілеріміз бақылаушы органдар тарапынан негізсіз тексеруге тап болмайды», – деп атап өтті Сүт одағының атқарушы директоры Владимир Кожевников.

Сонымен қатар бұл өзгерістер балмұздақ өндірушілерге де қатысты. Балмұздақ өндірушілер енді майдың массалық үлесі 6%-дан аспайтын балмұздаққа қатысты «құрамында сүті бар балмұздақ» деп көрсетіле алады. Бұл шара майлылықтың жеке санатын қосу арқылы балмұздақ ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді,  әсіресе сүт шикізаты тапшылығы бар аймақтар үшін өте маңызды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер