«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП «таза парақтан» реттеу шеңберінде өнер және ойын-сауық саласындағы талаптарды қарайтын үйлестірушіні бекітуді сұрайды

2022 жылғы 06 Желтоқсан
5008 просмотров

ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен өткен кәсіпкерлік қызметтегі «таза парақтан» реттеуді енгізу және мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру жөніндегі кеңес барысында «Атамекен» ҚР ҰКП өкілі өнер, ойын-сауық және демалыс салаларындағы талаптарды қайта қарау бойынша жауапты адамды бекітуге қатысты өтінішін жеткізді.

«Атап айтқанда, мұрағат, спорт және баспа мәселелері бойынша бірыңғай үйлестіруші және жауапты маман жоқ. Осыған байланысты Мәдениет және спорт министрлігімен жұмыс істеуде қиындықтар туындайды. Қарау мерзімі аяқталуға жақын болғандықтан, кураторды анықтауды сұраймыз», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мәлік Сәулебай.

 Бұл мәселені  премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қарайдн, ол әлеуметтік блокқа қатысты талаптарды қайта қарау жөніндегі жұмысқа жетекшілік етеді.

 Қазіргі кезде 44 сала ішінен 26 салада талаптар қайта қаралды. Барлығы 74 мыңға жуық талап қаралды, оның 7 мыңға жуығы базалық талаптарға сәйкес келмейді.

 Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігі білім және ғылым, бәсекелестікті қорғау, өнер, ойын-сауық және демалыс мәселелері бойынша бірқатар жиын өткізді.

«Салық және кедендік реттеу салалары қаралды. Олар бойынша кейбір келіспеушілік жойылмады. Сондықтан сіздің төрағалығыңызбен бірқатар мәселені қарауды сұраймыз», – деді жиын төрағасына ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Ерұлан Жамаубаев түйткілді мәселелерді қарауға дайын екенін білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер