«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сарапшылар «таза парақтан» реттеуді енгізу үшін талаптарды қайта қарайды

2022 жылғы 26 Сәуір
6862 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП сарапшылары Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеу саясаты мәселелері бойынша оқу семинарларын өткізді.

 Осы мақсатта мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінен жұмыс топтары құрылды. Қатысушыларға жаңа реттеуші саясаттың негізгі тәсілдері, қағидаттары, талаптары туралы айтылды. Оларға сәйкес, 2022-2023 жылдар ішінде реттеушілік актілердің (нормативтік құқықтық актілер және бизнеске қойылатын талаптарды қамтитын өзге де құжаттар) бүкіл ауқымы қайта қаралады.

 Оқу семинарлары  28 бағыт бойынша жүргізілді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда қызметі, тамақтану, құрылыс, салықтық және кедендік реттеу, білім беру және т.б. Сарапшылар нормативтік құжаттарды қайта қарау бойынша жұмысқа кірісті.

 ҰКП және ҰЭМ бір жарым жыл бойы реттеуді «таза парақтан» енгізу бойынша жұмысты жүргізіп келеді. Өткен жылғы 30 желтоқсанда қабылданған реттеушілік саясат туралы жаңа заңда бекітілген базалық тәсілдер әзірленді.

 «Заңңың басты мақсаты мемлекеттік реттеу адамдардың өмірі мен денсаулығына, экологияға, құқықтық тәртіп пен парасаттылыққа қауіп төнген жағдайда ғана қолданылуын көздейді. Сонымен қатар, реттеу сапасын қамтамасыз етуде шетелде сынақтан өткен басқа да құралдары енгізіледі», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров.

 Кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеудің жаңа тәсілінің негізгі новелласы –  жаңа реттеушілік саясатқа сәйкес келетін міндетті талаптардың тізілімін енгізу.

«2024 жылдан бастап, егер талап тізілімге енгізілмесе, мемлекеттік орган кәсіпкерді тексеріп, жазалай алмайды. Егер тізілімде талап болмаса, жаза да жоқ», – деп түсіндірді «Атамекен» ҰКП мамандары.

 Тізілімді Ұлттық экономика министрлігі құрып, жүргізетін болады. 2024 жылға дейін бүкіл реттеу саласы жаңа принциптер бойынша қайта жазылып, цифрландырылады.

 2021 жылы талаптарды қайта қарауды кәсіпкерлердің ең көп саны – жалпы санының 60%-дан астамы шоғырланған 5 саладан   (сауда, ауыл шаруашылығы, қоғамдық тамақтандыру/орналастыру, көлік) бастады. 424 НҚА тексерісінен кейін 17 мыңнан астам талап анықталды, олардың 40%-ы базалық шарттарға сәйкес келмейді.

 Жұмыстың тиімділігі үшін 2022-2023 жылдарға арналған «таза парақтан» реттеуді енгізу жөніндегі жоспар-кесте бекітілді. Оған сәйкес мемлекеттік органдар жанынан 28 салалық жұмыс тобы сайланды. Өз кезегінде ҰКП осы топтарға қосу үшін бизнес өкілдерінің тізімін құрды.

 «Бұл жерде қатысы бар барлық сарапшы, кәсіпкерлер, салалық мамандардың көмегі маңызды. Сарапшылар мемлекеттік реттеудегі артық, абсурдтық талаптар туралы айтып, проблемаларды шешудің өз нұсқаларын ұсынғаны біз үшін маңызды», – деді Ербол Өстеміров.

 Ұсыныстар мен сұрақтарды жауапты маман Айша Смағұловаға жібере аласыз, e-mail: ay.smagulova@atameken.kz, 919 -349, мобильді телефон:  +77781118807.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер