«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы кәсіпкерлері стихиялық сауда мәселесін шешіп беруді сұрайды

2022 жылғы 28 Қыркүйек
- Алматы қаласы
6109 просмотров

Теңсіз бәсекелестік шағын кәсіпкерлік пен қала экономикасының дамуына кедергі келтіреді деп санайды кәсіпкерлер.

«Бизнесті қорғаудың экожүйесі» жобасы аясында Алматы кәсіпкерлер палатасының Алмалы аудандық филиалы қыркүйектен бастап Алмалы ауданы әкімдігімен бірлесіп, «Тұлпар», «Тастақ», «Жұлдыз», «Барыс 4» базарлары мен «Кәрім» базарының өкілдері және жалға алушыларымен 5 кездесу ұйымдастырды. Бұл базарлар әмбебап, негізінен азық-түлік пен тұрмыстық тауарлар сатылады.

«Кәсіпкерлер Дүйсенов көшесінен төмен Розыбакиев көшесі және Төле би көшесінің бойындағы заңсыз сауда мәселесін шешуді сұрайды. Алмалы ауданы әкімі аппаратының қызметкері осы жылдың соңына дейін Алматы қаласының аумағында сауда ережелері бекітілетіні туралы түсініктеме берді. Құжат қабылдағаннан кейін полиция қызметкерлері стихиялық сауда нысандарына әкімшілік шаралар қолдана алатын болады», – деп атап өтті Алматы қаласы ӨКП Алмалы аудандық филиалының директоры Темірлан Мәдиев.

Алматыда ашық алаңдардағы базарлар саны азайту үшін кәсіпкерлер базарларды жаңғырту жолдарын іздестіруде.

Қыркүйекте кәсіпкерлердің Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кездесуінде  «Тигрохауд» ЖШС Бас директоры Жанар Құрабаева әмбебап сауда базарларын жаңғырту мәселесін көтерді. Ол ҚР 02.01.2021 жылғы №399-VI Заңының талаптарына сәйкес «сауда қызметін реттеу туралы» заңның 2-3 тармағының қолданысы әмбебап сауда базарларын жаңғырту үш жылға, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылғанын атап өтті.

«Өз қызметіміздің ерекшелігін, микро және шағын бизнес үшін сауда орындарын сақтау мақсатында біз Ұлттық экономика министрлігіне базарларды жаңғырту бағдарламасы шеңберінде 2000 ш.м. астам сауда үйлерінің құрылыс пунктін экономиканың қолдау көрсетілетін субсидияланатын басым салаларының тізіміне енгізу туралы жүгіндік. Біздің дәлелдеріміз тыңдалды және жоғарыда аталған тармақ «ДАМУ» бағдарламасына енгізілді, алайда 2021 жылғы маусымда аталған тармақ жоғарыда көрсетілген тізімнен алынып тасталды, осыған байланысты бізге 18 және одан жоғары пайызбен өте қымбат несиелер ғана қолжетімді», – деді Жанар Құрабаева.

 

Спикердің айтуынша, мемлекет қолдауынсыз «қымбат» несиемен базарды жаңғыртуды жүргізу кәсіпкерлерге өте қиын. Нарық өкілдері нарықты жаңғырту мәселесін «Даму» бағдарламасына қолдау көрсетілетін салалар тізіміне енгізуді ұсынды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер ШОБ-ты қолдау, атап айтқанда, жеңілдікпен несие беру, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қайтарымсыз гранттар мәселелеріне қызығушылық танытты. Сондай-ақ, Алматы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері алдағы президенттік сайлау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтық белсенділікті танытуға шақырды.

Келесі кездесу «Береке» базарында өтеді. Осындай іс-шаралар ай сайын Алмалы ауданының барлық базарларында өткізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер