«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер залалды өтеуге 3 мыңнан астам өтінім жіберді

2022 жылғы 15 Ақпан
- Алматы қаласы
10825 просмотров

Залалды өтеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың қарауына 3 133 өтінім жіберілген. Соның ішінде Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарынан түскен 62 өтінім қажетті құжаттардың болмауына байланысты қабылданбады.

Алматы қаласы бойынша жалпы сомасы 999 463 568 теңгеге 545 өтінім мақұлданды. Соның ішінде 294 өтінім «Жаңа Алатау» қорының есебінен қаржыландырылды.

 Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша,  комиссия әр соманы толықтай растау үшін объективті деректерге сүйеніп, заңнама шеңберінде әрекет етуі қажет.

«Қазір бізде тауардың барын растайтын ұрланған құжаттарға қатысты жағдайды шешу бойынша қандай да бір ұсыныс жоқ. Біз бұл мәселені кәсіби аудиторлар, бухгалтерлер, заңгерлер, тергеу органдарының қатысуымен зерттеп жатырмыз және Үкіметке тиісті ұсыныстар енгізуге дайынбыз», - дейді Айтуар Қошмамбетов.

 Қазіргі кезде кәсіпкерлер залал сомасын екі әдіспен растай алады: залал сомасын айналымнан есептеу. Тиісті деректер салық органдарында бар. Екіншісі – сот сараптамасын жүргізу.

 Зардап шеккен кәсіпкер InfoKazakhstan.kz  сайтында өтінім бере алады. Ол үшін сайтта «Маңызды ақпарат» бөліміне өтіп, нұсқаулық және қажетті құжаттар тізімімен мұқият танысу қажет. Содан кейін Өңірлік комиссия 5 жұмыс күні ішінде шешім шығарады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер