«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкердің 9 млн теңгеге жуық сомада мүліктік құқығы қорғалды

2021 жылғы 13 Мамыр
- Алматы қаласы
12246 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алудың қатысушысына сот мемлекет пайдасына өндіріп алған тұрақсыздық айыбы мен мемлекеттік баж салығы сомасын қайтарып алуға көмектесті.

 Коронавирус пандемиясы бизнестің барлық түріне кері әсерін тигізді, көптеген кәсіпкер қатаң карантин мен шекаралардың жабылуына тап болды.

 Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерден мемлекеттік мекемеге апелляциялық талап арызды қарауда көмек көрсету туралы өтінім келіп түсті. Карантин салдарынан кәсіпкер басқа елде болып, келісімшарт бойынша қызметін көрсете алмаған.

 ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің 1-санаттағы сарапшысы Ербол Нұрғалиевтің айтуынша, бірінші инстанциядағы сот бизнес субъектісінен келісімшарт міндеттемелерін орындамағаны үшін  8 259 451 теңге айыпақы және мемлекеттік баж салығын мемлекет кірісіне өндіріп алған. Соттың бұл шешімімен келіспеген, еңсесі түскен кәсіпкерге Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы көмектесіп, Алматы қалалық соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына жүгінді.

Кәсіпкерлер палатасы талап арызда жауапкердің өкілі ретінде әрекет етіп, кәсіпкердің, сондай-ақ өкілдің дәлелдерінің ескерілуін қамтамасыз ете алды. Осылайша, сот жаңа шешім шығарды, оған сәйкес 8 507 235 теңге сомасындағы айыпақы кәсіпкерге қайтарылды.

Палата кезекті рет кәсіпкердің құқығын қорғап, оны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміне кіруіне жол бермеді. Сот шешімі шағым түсіруге жатпайтынын айта кету керек.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер