«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда алаяқтар «Бастау Бизнес» жобасының қатысушыларына қомақты соммаға сертификаттар ұсынуда

2021 жылғы 28 Сәуір
- Алматы қаласы
14190 просмотров

Оңтүстік астананың тұрғындары емтихандарды тапсыруға, бизнес-жоспар құруға, сондай-ақ «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқуды тәмамдағаны туралы сертификат алуға көмектесе алатын бір компаниядан месенджерлер арқылы жаппай хабарлама алуда.

Хабарламада компанияның 3 жыл бойы осындай қызметтермен айналысатындығы жөнінде айтылған. Хабарлама мазмұны:

«Сіздерді «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға түсулеріңізбен құттықтаймыз! Егер сіз белгілі бір себептермен Атамекен, «Бастау Бизнес оқуын оқи алмайтын болсаңыз, біз көмектесеміз. Біз жеке компания қызметін ұсынамыз, үш жыл бойы «Бастау Бизнес» оқуын оқытып сертификаттарын алып беріп келеміз. Сіздің орныңызға сабақ оқып, экзамендер тапсырып, бизнес план жасаймыз. Курсты толық бітірген туралы сертификат алып береміз. Орындар шектеулі, тезірек тапсырыс беріңіз».

Осыған байланысты, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың барлық қызметтері өтеусіз негізде жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

«Осындай алаяқтық сипаттағы хабарламаларды жаппай жібермеуді және бөгде адамдардың қызметтерін пайдаланбауды сұраймыз», - деп Палата директоры Айтуар Қошмамбетов хабарлады.

Оқыту барысында жобаға қатысушыларды тек жоба кеңесшісі және әр топтың бизнес-тренері сүйемелдейтінін естеріңізге саламыз. Оқыту онлайн форматта 21 күн ішінде тегін негізде өтеді, сертификат курс аяқталғаннан кейін беріледі.

Жоғарыда атап өткен хабарлама бойынша ақпарат «Атамекен» ҰКП қауіпсіздік қызметіне жіберілді.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша қажетті ақпарат пен кеңесті келесі байланыс нөмірлері бойынша алуға болады: кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің 1 санатты сарапшысы Мадиев Темірлан – тел.: 331-01-33 (7553), +77753935273, кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Ибрагимов Нариман тел.: 331-01-33 (7589), +77759518651.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер