«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда 29 нысан «ASHYQ» жобасына өз еркімен қатысуға ниет білдірді

2021 жылғы 20 Сәуір
- Алматы қаласы
13845 просмотров

Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов қала әкімдігінің баспасөз орталығында айтты

 Өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық мониторинг бизнес жүргізу тұрақтылығын қамтамасыз ететінін атап өтіп, Үкіметке ASHYQ жүйесін кеңейту және қарқынды енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.  ҚР Бас санитар дәрігерінің №14 қаулысына сәйкес 26 сәуірде кәсіпкерлік нысандарда пилоттық жоба іске асыру аяқталып, жоба Қазақстан Республикасы ауқымында кең таратылады.  

 Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, 19 сәуірдегі жағдай бойынша «ASHYQ» қосымшасын 235 000 пайдаланушы жүктеп алған, «қызыл» және 134 «сары» статуста 560 келуші анықталды, сонымен қатар күн сайын 48 мыңға жуық сканерлеу жүргізіледі. Егер 1 наурызбен салыстырғанда бүгінде тіркелушілер саны 216 864 пайдаланушыға артық.

 «Алматы қаласы басқа қалалар арасында көш бастап тұр – 341 қатысушы, 26 өтініш қарау деңгейінде. 17 сәуірден бастап Алматы қаласы бойынша жобаға 5 кинотеатр және 1 театр қосылды, сонымен қатар 6 кинотеатр және 1 театр жуық арада QR код алады. Кинотеатрлар жұмыс істеуінің алғашқы күнінде «қызыл» статуспен 5 келуші анықталды», – деді Алматы қаласы ӨКП директоры.

 ҚР Бас санитар дәрігерінің 13 сәуірдегі №14 қаулысына сәйкес жобаға ерікті қатысушылар да қосыла алады. Ерікті қатысушыларға жобада қарастырылған жеңілдіктер қолданылмайды. Алматы қаласы бойынша жобаға ерікті тәртіпте 2 қонақүй және 27 сауда нысаны қатыспақ.

 «Алматы қаласы ӨКП қызметкерлері аптасайынғы негізде жоба қатысушылары арасында бұзушылықтарға профилактикалық бақылау жүргізеді. Егер мониторинг тобы бизнес-нысанда қандай да бір жобаға қатысу талаптарын бұзу фактілерін анықтайтын болса, сондай-ақ нысанда келушілерге 3 күннен артық  check-in жасалмаса, қатысушы жобадан шығарылады», – дейді Айтуар Қошмамбетов.

 Палата директорының айтуынша, жаңа қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп жатыр, кәсіпкерлерге нысанды ашу бойынша жаднама үлестіріледі, онда құжаттардың қажетті пакеті (ҚР Бас санитар дәрігерінің №14 қаулысы, код алу жаднамасы, ескертпелер алгоритмі, «күзетші» режимін қалай қосуға болады және т.б.) бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер