«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік грантпен кәсіп бастау тиімді

2021 жылғы 24 Ақпан
- Алматы қаласы
13981 просмотров

«Бизнесті мемлекет гранты қаражатына бастауға болады», – бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтты.

 Жеке кәсіпті құру, өз күшімен басталған бизнес, бизнеске арналған мобильді қосымшалар, сервистер және бағдарламалар – осы тақырыптар «Хабар24» телеарнасындағы «На пальцах» бағдарламасында айтылды.

 Палата директорының айтуынша,  кәсіпкер – бәрін өзі орындаушы, нақтырақ айтсақ, барлық процестердің ұйымдастырушысы, бүкіл бөлшектерді жинап, реттеуші адам. Әр бизнесмен өз бизнесінің қалай жұмыс істейтінін түсініп, әр кезеңдегі бизнес-процестерді зерттеп отыруы керек.

 «Егер тауар сатсаңыз, тауар қайдан келеді, оны қалай қабылдау, рәсімдеу, сату, қайда сақтау қажеттігін білуі керек. Осы процестердің бәрін игеріп, барлық сұрақтардың жауабын білген соң, қызметіңізді бөліп, кәсіби мамандарды жалдай аласыз», – деді ол.

 Бағдарлама барысында сарапшылар пандемия түрткі болған заманауи трендтер туралы пікірлерін білдірді. Атап айтқанда курьерлік жеткізілімдер, ІТ-саласы және онлайн білім беру.

 «Бізде бизнеске арналған бағдарламалар бар. Егер кәсіпкер, мысалға SMM немесе бухгалтерлік есептілікті білсе, Atameken Аcademy порталынан оқуға қатысуға болады. Бұдан бөлек, «Бастау Бизнес» арнайы бағдарламасы бар. Үш апта бойы тыңдаушы кәсіпкерлік негіздерін оқиды, содан кейін 200 АЕК көлемінде грант немесе жылдық 6 пайызбен несие алуға мүмкіндігі болады. Сонымен қатар 5 млн теңгеге дейін инновациялық грант алуға да мүмкіндік берілген», – деп атап өтті Айтуар Қошмамбетов.

 Еске салсақ, осы жылы аталған бағдарлама бойынша Алматы қаласында 2000 адам оқыту жоспарланған сондай-ақ 200 АЕК (583 000 теңге)  көлемінде 1000 грант қарастырылған.  

 Ережеге сәйкес жоба аясында оқуға қатысам деушілер Жұмыспен қамту орталығына (Назарбаев д-лы 50) жеке куәлікпен барып, оқуға жолдама алуы керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер