«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматылық бизнесмендер темекі өнімдерін 2-D сканерлері арқылы өткізу кезеңінде бірқатар проблемаларға тап болды

2021 жылғы 28 Қаңтар
- Алматы қаласы
7601 просмотров

Бұл мәселе бүгін Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында талқыланды.

Отырыс Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы алаңында бейне-конференц байланыс режимінде, ZOOM арқылы өтті.

Кезекті отырыста Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы – Мамажанова Г.К., Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы – Сералиев Б.К. өз баяндамаларымен сөз сөйледі.

Палатаға бірнеше рет «үй жанында дүкендері» бар кәсіпкерлердің атынан ұжымдық өтініштер келіп түскен. Олар темекі өнімдерін 2-D сканері арқылы өткізу барысында біршама мәселелерге тап болған. Пилоттық жоба тізбектегі әлсіз жерлерді анықтауға, атап айтқанда күрделі жабдықтар мен бағдарламаларды тестілеуге және жүктемені есептеуге көзделген. Алайда, темекі өнімдерін міндетті түрде таңбалаудың талаптары шағын бизнес субъектілеріне қаржылық қиындықтар туғызады. Үй жанында орналасқан дүкен иелерінің айтуынша, темекі өнімдерін сканерлеу бірнеше минут уақыт алады. Осылайша, «Қазақтелеком» АҚ фискалдық деректер операторының жұмысын жетілдірмеуі сатып алушылардың наразылығын тудырады, соның салдарынан кәсіпкерлердің табыстылығы төмендеуде.

Бірыңғай оператор өкілінің айтуынша, пилоттық жобаға бөлшек сауда саудагерлерінің қатысуы қиынға соқты, себебі көптеген кәсіпкерлер экспериментке қатысудан бас тартты.

  • Темекі өнімдерін сканерлеу бірнеше минут алады дегенге біз қатты таңғалудамыз. Пилот аясында біз сынақтан өткізген жабдық бірнеше секунд, тіпті миллисекундта тез әрекет етті. Сканерлерді сатып алу бөлшек сауда желісі үшін қаржы жағынан ауыр болуы мүмкін, сондықтан сканерлеу процедурасынан өтуді жеңілдету мақсатында тегін мобильді қосымша іске қосылды, - деп атап өтті ол.

Отырыс барысында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 2021 жылдың соңына дейін нарық қатысушыларына (өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьюторлар, бөлшек сауда) қатысты жауапкершілік шараларын белгілемеу және қолданбау ұсынылды.

Сонымен қатар, кеңесте полиция қызметкерлерінің шағын маркеттер желісінің иесіне қатысты заңсыз әрекеттері туралы мәселе талқыланды. Компания иесінің айтуынша, полиция қызметкерлері дүкен сатушысынан қолдау көрсету үшін ақша талап еткен. Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер