«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда контрафактілі пиротехниканы анықтау бойынша рейд жүріп жатыр

2019 жылғы 26 Желтоқсан
- Алматы қаласы
3883 просмотров

Төтенше жағдайлар департаменті және Полиция департаменті 18 рейд өткізді, нәтижесінде 210 келі немесе сертификатталмаған 1300 бірлік пиротехника тәркіленіп, халық арасында пиротехникалық заттарды дұрыс қолдануға қатысты 875 брошюра таратылды. Бұл туралы Алматы Кәсіпкерлер палатасы алаңында  қала бизнесмендерімен өткен дөңгелек үстел барысында айтылды

 «Алматыда жыл сайын жаңа жылдық мерекелер қарсаңында 10-20 аралығында өрт жағдайы болады, өрттің 40%-ы пиротехникалық заттарды қолданудан орын алады. Соңғы 5 жыл ішінде 61 өрт шығып, оның 11-і пиротехникадан болған. Бұдан бөлек, аталған жанғыш заттарды дұрыс қолданбаудан адамдар жарақат алып жатады. 2015 жылдан бері 198 адам жарақат алған, соның ішінде 73-і – бала», – деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғау саласында апаттар салдарын төмендету және бақылау басқармасының бастығы Талғат Дүйсебаев.

 Оның ақпараты бойынша жаңа жыл қарсаңында департамент жыл сайын өрттерді алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізеді.

 «Есепке жаңа жылдық мереке өткізетін 499 объекті алынды, онда департамент қызметкерлері 6730 адамды қамтумен 799 инструктаж, 21 бірлескен оқу, 4 интерактивті сабақ жүргізді», – деді Талғат Дүйсебаев.

 Департамент өкілі жаңажылдық іс-шара өткізуде жанғыш заттарды қолдану ережелерін сақтауға, сондай-ақ сертификатталған пиротехниканы арнайы дүкендерден алуға, оны нұсқаулықпен қатаң қолдануға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер