«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жас кәсіпкер» жобасының қатысушысы халал сұлулық салонын ашпақ

2019 жылғы 05 Тамыз
- Алматы қаласы
4491 просмотров

Бьюти-индустрияның халал нарығы, бухгалтерлік қызмет көрсету, студенттерді жоба бойынша оқыту, жастардың бизнес негіздеріне көзқарасы және басқа да бизнес жолдар

Алматыда шілде айының соңында «Жас кәсіпкер» жобасы басталды. Бұл 18-29 жас аралығындағы жастарды кәсіпкерлікке тегін оқыту. Курс 21 күнге созылады және соңында қатысушылар жылдың 6% жеңілдікпен несие немесе өз бизнесін ашу үшін 500 мың теңге көлемінде тегін грант ала алады.

Қазіргі таңда курстың бірінші легіндегі тыңдаушылардың саны 822 адамды құрауда, алайда оқудан өтуге ниет білдірушілер 14 тамыздан бастап, екінші лекке қатысуға өтінім бере алады.

Үш баланың анасы Әнел Медешова Тараздан келген, бірақ қазір Алматыда тұрады. Ол нарықты зерттеп, бьюти-индустрия оңтүстік астанада жақсы жетіліп, бизнеске пайда әкеледі деген қорытынды жасауда. Сондықта ол курсты аяқтағаннан кейін басқалардан ерекшелеу сұлулық салонын ашуды жоспарлауда.

«Менің үш балам бар. Курсқа келмес бұрын көп жерлерде жұмыс істедім. Кездейсоқ инстаграмнан «Жас кәсіпкер» жобасы туралы оқып қалып, осында келдім, менеджерлер мені еш қиындықсыз тіркеді. Мен бизнес ашудың қыр-сырын танығаннан кейін өз сұлулық салонымды ашқым келеді. Және бұл қыз келіншектерге арналға халал стандартындағы салон болады», – деп айтты Әнел Медешова.

Болашақ кәсіпкер Айдана Отарбаева «Жас кәсіпкер» жобасы туралы таныстарынан біліп, бірден өтінім беруге шешім қабылдаған.

«Осы курсты аяқтағаннан кейін бухгалтерлік қызметтер көрсететін орталық ашқым келеді. Қазіргі уақытта біздің елімізде жеке бизнесін ашуға көптеген жолдар бар  екенін түсіндім. Менің ойымша, серіктестіктерді табуға және біріктіруге болады. Осы сәтті пайдалана отырып «Жас кәсіпкер» жобасының бизнес-тренерлеріне алғысымды айтқым келеді,  олар өте сауатты, барлығын егжей-тегжейлі түсіндіреді және бізге қажетті маңызды ақпараттарымен бөлісуде», –  деп айтып кетті ол.

2018 жылдың Алматы технологиялық университетінің түлегі Әйгерім Әбдіманап мамандық бойынша жұмыс таба алмай, біздің курсқа белсене жазылып, тыңдаушылардың қатарында.

«Мен әрқашан өз бизнесімді ашуды ойлап жүруші едім, бірақ қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты менде мүмкіндік болмады. Бұл супер жоба, өйткені мен секілді жастарға жақсы мүмкіндіктерге жол ашуда. Грант да, жеңілдетілген несие де, білім де бар», – дейді Әйгерім Әбдіманап.

18 жасар алматылық Досжан Тұяқов жоба аясында грантты ұтып, нарықта сұранысқа ие сапалы бизнес ашқысы келеді. Оның айтуынша, «Жәс кәсіпкер» жобасы туралы өзінің бұрынғы оқытушысынан білген.

«Жобаның атауы қызықтырды, бірден курсқа келіп жазылдым. Және өкінбеймін, өйткені жоба кезінде көптеген адамдармен танысудамын. Өздеріңіз білетіндей, мұндай байланыстар әрдайым қажет және алдымызға жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», – деп айтты ол.

Жоба студенттері үшін үнемі атақты спикерлермен тренингтер және  шеберлік сабақтары өткізілуде, сондай-ақ әр түрлі ұйымдардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылуда. Мысалыға, өткен аптада Алматы қаласы Түркісіб аудандық Кәсіпкерлер Ппалатасының филиалында «Даму» қоры, Түрксіб ауданының әкімдігі мен Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар жақында студенттер Алматы қаласының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерімен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, «Жас кәсіпкер» жобасына оқыту Алматы қаласының барлық сегіз ауданында 32 оқу сыныптарында өтіп жатыр, тыңдаушыларға 19 273 теңге көлемінде шәкіртақы қарастырылған.

Жоба бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты алу үшін төмендегі телефондарға қоңырау шалуға болады:

  • 1432 – «Атамекен» ҚР ҰКП байланыс орталығы (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін),
  • Алматы қаласы бойынша +7 (727) 33 101 33 (ішкі 803, 7535), +77077814588 (WhatsApp).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер