«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жеңілдікпен несиелеу: Алматыда 6,9 млрд теңгеге 9 жоба мақұлданды

2019 жылғы 01 Тамыз
- Алматы қаласы
2398 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов «қарапайым заттар экономикасы» аясында басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын іске асыру барысы туралы мәлімдеді.

«Ағымдағы жылы жобалық кеңсенің жұмысы кезеңінде 107 кәсіпкер жеңілдетілген несиелерге өтінім берді, олардың жобаларының сомасы - 94 727 млн.теңгені құрады. Бүгінгі таңда 6,9 млрд.теңге сомасына 9 жоба мақұлданды, сонымен қатар 3,4 млрд.теңге сомасына 9 жоба екінші деңгейдегі банктердің қарауында, ал 4,2 млрд. теңгеге 5 жоба қаржыландырылды», - деп Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясындағы басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру мониторингі жөніндегі жобалық кеңседегі жұмыс кездесуі барысында Палата директоры Нариман Әбілшайықов мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Үкіметі халық тұтынатын тауарлар, сондай-ақ бастапқы өңдеу өнімдері мен шикізаттары өндірісін қолдау үшін 600 млрд теңге бөлді. Қаражатты өңдеу өнеркәсібін, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және қолдауға бағыттау жоспарлануда.

Мемлекет басшысының «қарапайым заттардың экономикасын» дамыту, ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету және қолжетімді кредит беру міндеттерін шешу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы жанынан басым жобаларды жеңілдікпен кредит беру бағдарламасын іске асыру мониторингі бойынша жобалық кеңсе құрылған.

Қаржыландыру алу үшін кәсіпкер банкке өтінім жіберуі, қажетті бағалау және келісу рәсімінен өту және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына жүгіну қажет. Кредит беру шарттары бойынша қарыз мерзімі 7 жылға дейін қоса алғанда, қарыз алушылар үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі – «БЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде мөлшерлемені субсидиялау есебінен 6% құрайды. Қазіргі уақытта бағдарламаға екінші деңгейлі 9 банк қосылды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер