«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда «Бастау» жобасы бойынша алты оқу сыныбы ашылады

2019 жылғы 26 Шілде
- Алматы қаласы
3302 просмотров

Ағымдағы жылы Түрксіб ауданының әкімдігінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен жиын өтті. Жиын барысында мемлекеттік бағдарламалар, «Жас кәсіпкер» жобасы, ойын автоматтары қызметінің заңдылығы, сыртқы  жарнамалар бойынша, жарнамадан маңдайша жазуды қалай ажыратуға болады, жарнаманы орналастыруға рұқсатты қайдан және қалай алуға болатыны талқыланды.

«Қазір  жастарды бизнес негіздеріне оқытуды бастап жатырмыз. Түркісіб аудандық Кәсіпкерлер палатасының филиалы «Жас Кәсіпкер» жобасы бойынша 6 оқу сыныбын ашуды және 300-ден астам адамды оқытуды жоспарлап отыр. Бұл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша жаңа жоба», – деп мәлімдеді Түрксіб аудандық Кәсіпкерлер палатасының филиалы директоры Азамат Шалғымбаев.

Сондай-ақ, жиын барысында шағын және орта кәсіпорындары үшін муниципалдық преференциялар, кәсіпкерлерді қаржылық және қаржылық емес қолдау, тегін заңгерлік кеңес беру мүмкіндігі және оқу орталықтарын ашу мүмкіндігі туралы айтылды.

Кеңеске Түрксіб ауданының 30-дан  аса бизнес өкілі қатысты.  Кеңес ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар мемлекеттік қолдау және жеңілдетілген несие беру шарттарымен байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарды белсенді түрде қойды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер