«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда 5000-ға жуық кәсіпкер өзінің сауда орнын сақтап қалды  

2019 жылғы 25 Шілде
- Алматы қаласы
2219 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының белсенді араласуымен «Жібек жолы» базары сүрілмейтін болды. Бұл базардың жаңадан салынған нысандарын 2004, 2015 жылдары эксплуатациялық комиссия қабылдап алған болатын. Кейін Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қалалық Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасы арызданып, сот бұл қабылдау актілерін заңсыз деп тану туралы үкім шығарған еді. 24 шілдеде Алматы қалалық соты ауданаралық экономикалық соттың үкімін жоққа шығарып, жаңа шешім шығарды.

«Бұл сот процесіне қалалық кәсіпкерлер палатасы белсене қатысты. Бір қызығы, 2004, 2015 жылғы қабылдау актілерінің заңдылығы дауға түсті. Бірнеше жыл бұрынғы актілердің арыздану мерзімі де баяғыда өтіп кеткен. Бақылау органдары қалайша бұл қателікті байқамаған? Менің әріптестерімнің кәсіби әрекетінің арқасында 5000 жалға беруші кәсіпкер өз орнын сақтап қалды. Енді базар сүрілмейтін болды», – деп мәлімдеді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айтуар Қошмамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қалалық мемлекеттік және сәулет-құрылыс бақылау басқармасының талап арызы бойынша «Жібек жолы» базарын бұзу туралы шешім шығарды. Сол кезде базар әкімшілігі мен сауда орындарын жалға алушы кәсіпкерлер наразылық көрсеткен болатын. «Жібек жолы» базары – алматылықтардың көліктеріне автобөлшектер алатын үлкен сауда алаңдарының бірі.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер