«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 6 жоба мақұлданды

2019 жылғы 07 Маусым
- Алматы қаласы
2520 просмотров

Кәсіпкерлер палатасында «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы барысы талқыланды

Өздеріңізге белгілі, ҚР Тұңғыш Президенті «қарапайым заттар экономикасын» дамыту тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы жанынан басым жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру мониторингі жөнінде жобалық алқа құрылған болатын. Бүгін аталған жобалық алқа бойынша құрылым мүшелері атқарылған жұмыстардың барысын мәлімдеді.  

«Алматы қаласында «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде. Қазіргі уақытта біз қаржыландырылған жобалар бойынша көшбасшылардың үштігіне еніп отырмыз. Біз осы аталған бағыттар бойынша үлкен ақпараттық жұмыстарды жүргізудеміз. Бүгінгі таңда Алматыда 6 жоба мақұлданды, 3 жоба 3,2 млрд теңге көлемінде қаржыландырылды, бір жоба қол қою сатысында, 15 жоба ЕДБ-де қарауда, сондай-ақ, 11 ЖКС осы бағдарламаға қатысуға ниет білдірді», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорның  орынбасары Алма Тұрлыбаева.

Оның айтуынша, жобалық алқаның қызметі барысында бизнесті ұсыну тетігін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар қалыптастырылды. Бизнестің барлық ұсыныстары орталық жобалық алқаның отырыстарында қаралады. Жобаға ағымдағы жылдың 4 мамырында Үкіметтің №248 қаулысымен өзгерістер енгізілді, осылайша қорғаныс қаражатын толықтыруға субсидиялау 30 - дан 50 пайызға дейін артты, ЭҚЖЖ тізбесі қосымша тағы 43 ЭҚЖЖ кеңейтілді, бұрын 65 болған, кепілдік беру құралы енгізілді (3 млрд. – 50%-ға дейін, 5 млрд. – 20%-ға дейін).

«Қазір орталық жобалық офис жаңа топтаманы дайындау бойынша жұмыстар жүргізуде: айналым қаражатын толықтыруды қаржыландыру мөлшерін 50%- дан 75%-ға дейін немесе 100-ге дейін ұлғайту мәселесі; АӨК жобалары үшін айналым қаражатын толықтыруға арналған субсидиялау мөлшерін 5%-дан 8%-ға дейін көтеру; инвестициялық мақсаттарға арналған кредит мерзімін 10 жылға дейін ұзарту жұмыстары жүргізілуде», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорның  орынбасары Алма Тұрлыбаева.

Сондай-ақ, атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша Алматы қаласы бойынша «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Өңірлік филиалының директоры Назарюк Светлана Викторовна және «CENTERCREDIT» АҚ-ның ірі бизнес басқармасының басшысы Мұхтарова Баян баяндап өтті.

«ҚР Үкіметі халық тұтынатын тауарлар, сондай-ақ бастапқы өңдеу өнімдері мен шикізаттары өндірісін қолдау үшін 600 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат өңдеуші өнеркәсіпті, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және қолдауға бағытталатын болады.  Бөлінген қаражаттар екінші деңгейлі 9 банкте берілуде. Бағдарлама аясында жұмыс жүргізетін банктердің қатарында Халық банкі, Цесна банкі, Сбербанк, БЦК, АТФ, РБК, Forte, Еуразиялық және Нұрбанк бар. Кәсіпкер Банкке кредит беру өтінімімен жүгіне алады және соның аясында белгіленген қаражат көлемін алуға мүмкіндік туады. Банк конкурстық тексеру жұмыстарын, жобаға сараптама, техникалық-экономикалық негіздемелері аясында жүргізеді және оң шешім қабылданған жағдайда «Даму» қоры жүгіне алады», – деді «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Алматы қаласы филиалының директоры Светлана Назарюк өз мәліметінде.

 Естеріңізге салсақ, биыл Елбасының тапсырмасымен халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ шикізат және бастапқы өңдеу өнімдер өндірісін қолдауға Үкіметтен 600 млрд теңге бөлінді. Атап айтқанда, бұл қаражат өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен қолдауға бағытталады.

Бөлінген қаражаттың мақсатты арналуы – өңдеу өнеркәсібі және агроөнеркәсіп кешені саласында қызмет ететін кәсіпкерлерді инвестициялық мақсаттарға (негізгі қаражат, биологиялық активтер) несиелендіру және айналым қаражаттарды толтыру. Мәселен, тамақ өнеркәсібінде етті өңдеу мен консервілеу, қант өндірісі, жеміс және көкөніс шырынын өндіру, балалар тамағы және диеталық тамақ өнімдері өндірісі несиелеуге жатуы мүмкін, ал жеңіл өнеркәсібінде: сыртқы киім өндірісі, тоқыма өндірісі және трикотаж нәски-шұлық өндірісі, аяқ киім өндірісі несиелеуге жатады. Үкімет Қаулысымен Экономикалық қызметтің жалпы жіктемесінің 65 қызмет түрлері бойынша несиелендіруге арналған 365 тауар тізбегі бекітілді, оның ішінде тамақ өнеркәсібі бойынша 69 тауар, азық-түлік емес өнім бойынша 274 тауар, ауыл шаруашылығы өнімі бойынша 49 тауар анықталды.

 Несиелеу шарттары бойынша қарыз беру мерзімі 7 жылды, соңғы қарыз алушылар үшін аталуы сыйақы мөлшері – «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мөлшерлемені субсидиялау есебінен 8%-ды құрайды. Қаржыландыруға қол жеткізу үшін кәсіпкер банкке өтінім жіберіп, бизнес жобаны бағалау және мақұлдау процедураларынан өтіп, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына жүгінуі қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер