«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылорда мен Өзбекстан арасындағы туризм және іскерлік ынтымақтастықты дамытуға арналған кездесу өтті

2025 жылғы 13 Қазан
- Қызылорда облысы
237 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Сауда, қызмет көрсету және туризм» салалық кеңесінің отырысы аясында Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Матчанов Раушанбек Маратұлы және консул Дусимов Абдумажид Абдурашитұлымен кездесу өтті.

Жиынға салалық кеңес мүшелері, мемлекеттік орган өкілдері, бизнес қауымдастық және Палата мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру, соның ішінде туризм саласындағы серіктестікті кеңейтіп, мәдени және іскерлік байланыстарды одан әрі нығайту болды.

Іс-шара барысында Өзбекстан тарапынан қонақтар өз елінің туристік және инвестициялық әлеуетін таныстырып, өзара тәжірибе алмасу мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ, туристік бағыттағы жаңа бастамаларды дамыту мен аймақтар арасындағы іскерлік қатынастарды жандандыру жайы сөз болды. Осы орайда, Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы бас санаторий – курорттық басқармасы бас директорының орынбсары  Шағазатов Данияр Бахтиярұлы бейнебайланыс арқылы өз баяндамасын таныстырды.

Кездесу барысында Сыр өңірінің туризм және қолөнер саласының өкілдері өз ұсыныстарын ортаға салып, болашақтағы ынтымақтастық бағыттары бойынша нақты ой-пікірлерімен бөлісті.

Жиын қорытындысында Қызылорда облысы мен Өзбекстан Республикасының туризм, кәсіпкерлік және мәдениет салаларындағы серіктестігін одан әрі дамыту мақсатында бірлескен іс-шаралар мен іскерлік кездесулер ұйымдастыру туралы келісімге келінді.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Рахымбек Зейнуллиннің айтуынша, бұл кездесу аймақ кәсіпкерлері үшін маңызды мүмкіндік болып табылады:

«Өзбекстанмен іскерлік және туристік байланыстарды нығайту – біздің өңір үшін үлкен әлеуетке ие бағыттардың бірі. Қос ел арасындағы ынтымақтастық тек туризм саласында ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамытуда, қолөнер мен қызмет көрсету секторларында жаңа серіктестік мүмкіндіктерін ашады. Біз алдағы уақытта бірлескен жобаларды іске асырып, өңіріміздің кәсіпкерлеріне жаңа нарықтарға шығуға жол ашамыз деп сенеміз», – деді Рахымбек Зейнуллин.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174