«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда дуальді білім беруді дамыту бойынша менеджерлер клубы «Шебер» оқу орталығымен танысты

2019 жылғы 24 Мамыр
- Алматы қаласы
4105 просмотров

Екінші кездесуде клуб қатысушылары «Қазлегпром-Алматы» тігін-аяқ киім фабрикасына барды

«Шебер» оқу орталығы «Қазлегпром-Алматы» ЖШС жанынан 2014 жылы ашылған, осы уақыт аралығында орталық тігін және аяқ киім ісінің 1300-ден астам маманын дайындаған.

«Шебер» оқу орталығында ауқымды материалдық база бар. Тыңдаушыларды мамандандырылған жоғары оқу орындарының оқытушылары, тәжірибе-мамандары, өндірістік технологтар оқытады. Біз «тігінші», «тігін жабдығының механизаторы», «киімдердің дизайнері», «аяқ киім өндірісінің маманы» және т. б. мамандықтар бойынша кадрларды даярлаймыз. Білім алушыларға белгіленген курсты аяқтағаннан кейін ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры және «Қазлегпром-Алматы» ЖШС директоры растаған сертификаттары берілетін болады. Курс бағдарламасы оқытудың икемді және модульдік жүйесін, әрбір білім алушыға жеке көзқарасты, сондай-ақ одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігін қарастырады», – деді «Шебер» оқу орталығының директоры Бибігүл Нысанбаева.

Оқушылардың көпшілігі фабрикада жұмысқа орналасады. Қалғандарына фабриканың серіктес компаниялары: ательеде, фабрикаларда, қаланың және облыстың әр түрлі бөлімшелерінде орналасқан шеберханаларда бос жұмыс орындары ұсынылады.

 

Іс-шара барысында дуальді білім беруді дамыту жөніндегі менеджерлер клубының қатысушылары кәсіпорын бойынша экскурсия жасап, тәлімгерлердің жұмысымен танысып, жұмыс орындарында тәжірибеден өтушілерді сұрай алды.

«Қазлегпром-Алматы» ЖШС өндірістік қуаты жылына 1,5 млн түрлі тігін бұйымдары мен 500 мың жұп аяқ киім шығаруға мүмкіндік береді. Өндірістік кешен жалпы ауданы 12033,7 м2 1 гектарда орналасқан. Мұндағы жұмыс істейтін қызметкерлер саны – 400-ден астам. Бұл Орта Азиядағы ірі тоқыма кәсіпорындарының бірі болып саналады. Өндіріс тігін және аяқ киім өндірісінің ең озық технологиялық үлгілері енгізілген заманауи жаңғыртылған кешен болып табылады. Фабрика жетекші әлемдік өндірушілердің (Германия, Жапония, АҚШ) қазіргі заманғы және жоғары технологиялық жабдықтарымен жарақтандырылуы қысқа мерзімде өнімнің үлкен көлемін жоғары сапа деңгейінде өндіруге мүмкіндік береді», – деп хабарлады Бибігүл Нысанбаева.

 

Кездесу нәтижесі бойынша Алматыда дуальді білім беру жүйесін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Өндірістік оқыту шеберлеріне және колледж оқытушыларына ақы төлеуді арттыру, оқу кәсіпорны базасында түлектерді бекіту жүйесін құру, жоғары оқу орындарында маман дайындау мәселесін шешу қажеттілігі туралы ұсыныстар айтылды. Клуб жұмысына қатысу үшін өтінімдерді мына электрондық мекенжайға жіберу қажет: g.mirza-gali@atameken.kz.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер