«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

640 отандық бизнесмен Гонконгпен іскерлік байланысты жолға қойды

2019 жылғы 01 Наурыз
- Алматы қаласы
1976 просмотров

 Гонконгта бүгін Гонконгтағы Қазақстан Республикасы Консулдығының бірінші хатшысы Тимур Темірхановтың Гонконг саудасын дамыту кеңесінің (HKTDC) директоры Реймонд Иппен және  Гонконг саудасын дамыту кеңесінің Қазақстан және Орта Азиядағы өкілі, «Атамекен» ҰКП Алматы қаласы Іскер әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары Ақеркін Эралиевамен өткен кездесуінде сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 Кездесу Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас Консулы Төлеген Ысмайыловтың қолдауымен өтті.

 Іс-шара барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Реймонд Ип мырзаның жуырда болатын Астана қаржы форумына баруы басты назарға алынды.

 Кездесу барысында мәлімделгендей, Бас Консул және Гонконг саудасын дамыту кеңесінің белсенді өзара әрекеттестігі нәтижесінде 2018 жыл ішінде 640 қазақстандық кәсіпкер халықаралық көрмелерге қатысып, Гонконгпен іскерлік байланыс орнатты, біздің экспорттаушылардың өнімді алға жылжыту мақсатында Food Expo-ға қатысуы ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, қазақстандық делегация Азиялық қаржы форумы, «Бір белдеу – бір жол» Саммитіне, және басқа да бірлескен шараларға қатысты.

« Гонконг – Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі, біз қарым-қатынастарды дамыту және жолға қою бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сауда-экономикалық және қаржылық-инвестициялық бағыт – ынтымақтастықтың маңызды құрауышы болып қала бермек», – деді Ақеркін Эралиева.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер