«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматылық кәсіпкер «Ару ана» бизнесте тану» сыйлығының иегері атанды

2021 жылғы 27 Желтоқсан
- Алматы қаласы
10872 просмотров

Көпбалалы ана, Алматы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Сымбат Аралбаева «Ару ана» бизнесте тану» сыйлығын иеленді.

 «Ару ана» бизнесте тану» сыйлығын 2020 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі тұрақты бизнесті құру процесінде әйелдерді қолдау, олардың экономикалық және әлеуметтік белсенділігін ынталандыру мақсатында тағайындады.

 «Сымбат Аралбаева бес баланы тәрбиелеп, 15 жыл бойы жеке кәсіпті дөңгелетіп отырған табысты бизнес ханым. Сымбат ханым кәсіп бастағысы келетін әйелдерге арнап «Әйелдің қолынан бәрі келеді» кітабын шығарды. Онда кәсіпкер жеке тәжірибесін ортаға салып, қадамдық нұсқау береді. Іске әйелдер кеңесінің мүшесі ретінде Сымбат Аралбаева кәсіпкер әйелдерге қатысты проблемалық мәселелерді талқылау және шешуге белсенді қатысады және әрқашан жастардың бастамаларын қолдайды. Жеңімпазды Палата атынан құрметті марапатпен құттықтап, денсаулық, амандық, кәсіби өсу мен өркендеу тілеймін», – деп Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов марапатты табыс етті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер