«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнес-мектеп»: білім алуға ынта жоғары

2019 жылғы 15 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
7982 просмотров

«Бизнес-мектеп» қысқа мерзімді оқу курсы 20 қаңтар күні басталды. Топтар еш кідірусіз тез құралды. Жылдан жылға курсқа қатысам деушілердің саны артып келеді. Оқыту қазақ тілі және орыс тілінде жүргізіледі. Оқу «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу» және «Жобалық оқыту» курстары аясында өтеді

Экономист Айгүл Мұсина бизнестегі жолын екі жыл бұрын бастады. Бастауыш кәсіпкер франшиза сатып алып, Ресейдің Волгоград қаласындағы зауыттардың бірінде оқудан өтті. Кәсіпті кеңейту және мемлекеттік оқытатын бағдарламаға қатысу үшін ол «Бизнес-Мектепке» жазылды.

«Үйде жеке шеберханам болды, онда гипс фигуралары, ақша жинауыштар, кәдесыйлар, бақша фигураларын әзірлеумен айналыстым. Бұйымдарды көтерме бағамен Атыраудың дүкендеріне жеткізіп отырдым. Сұраныс өте жақсы. Қазір уақытша жұмысты тоқтату керек болды. Мен 46 жастамын, немерелерім пайда болды. Отбасы мүшелері артқан соң, шеберханада орын қалмады, сондықтан тапсырысты аз аламын. Негізінен бұйымдарды қолөнершілер көрмелері үшін ғана аз  жасаймын. Жеке цех ашып, жұмысқа адамдарды қабылдау мақсатында оқудан өтуге бел будым, ары қарай грант алуға өтінім беремін. Ассортиментті ұлғайтуды жоспарлап отырмын, сонымен қатар бетоннан сәулет бұйымдары, бұрқақтарды жасағым келеді. Өңірімізде мұндай өндіріс жоқ, қолымнан келеді деген ойдамын»,– деді Айгүл Мұсина.

 Жас кәсіпкер Райымбек Карипуллиев «Бизнес-мектепке» өз жобасымен келді. Екі жыл бұрын колледж түлегі жарнама бизнесін қолға алған. Кәсіп жүріп кетті, енді кәсіпкер тағы бір бизнес-идеяны жүзеге асырмақ. Жас кәсіпкер БҚО Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыратын қысқа мерзімді курстары жайында бұрыннан білген. Райымбектің айтуынша, бизнес-тренингтер адамды құлшындырады, іскерлік сауатын арттырады.

«Мамандығым бойынша физика мұғалімімін, сабақты қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізе аламын. Колледжден кейін көз көруім нашарлады, сондықтан мектепте жұмыс істей алмадым. Мүгедектігіме қарамастан, жұмыссыз отырмай, жеке кәсіпкерлікті аштым да сыртқы жарнамамен айналысып кеттім. Жуырда «Бизнес-мектепке» жазылдым, «Бизнес-Кеңесші», және «Бизнес-Өсу» курстарын аяқтадым. Қазір «Жобалық оқыту» курсында оқып жатырмын. Мұндағы атмосфераны жақсы көрем. Барлығы белсенді, иедялары көп. Енді балаларды дамытатын  ағаштан жасалған  ойыншықтар өндірісін қолға алмақпын. Қазір базарда сапасыз, тіпті қауіпті ойыншықтар түрлері көп. Қаламызда дамытатын жақсы ойыншықтар табу қиын, сондықтан оларды өзім өндіремін деп шештім. Физик ретінде түрлі механизмдерді әзірлей аламын. Балаларды қызықтыратын ойыншықтар керек», – деді Райымбек Карипуллиев.       

  «Бизнес-мектеп» тыңдаушыларының айтуынша, қысқа мерзімді курстарда олар көп нәрсені үйренді, пайдалы ақпарат алды. Бұл заңнамадағы өзгерістер, бизнес-жобаны құру, мемлекеттік қолдау шаралары, бизнес треминдер, қаржылық жобалау және басқа да ақпарат.

 «Курстар 21 қаңтарда басталды. «Бизнес-Кеңесші» курсын 3 топ тәмамдап үлгерді. Екі күндік оқыту жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер мен кәсібін енді бастаған азаматтарға арналады. «Бизнес-Өсу» курсы жұмыс істеп отырған кәсіпкерлерге аранлаған, оқыту 5 күн жүреді. Бизнесті басқару қызметкерлерді басқару сатылымдар келіссөздер сынды өзекті тақырыптар бойынша оқу өтеді. «Жобалық оқыту» курсының оқу мерзімі – 2 ай. Онда табысты кәсіпкерлермен кездесу өткізіледі. Кәсіпкерлер тәжірибесімен бөлісіп, кеңес береді. Тренингтер интерактивті формада жүргізіледі, геймификация қолданылады. Бұрынырақ тыңдаушылар сертификат алу үшін келетін, қазір бизнесті дамытудағы жаңа құралдарды игеріп, білім алу үшін келеді», – деді бизнес-тренер Зульфия Халилова.

Бір ай ішінде «Бизнес-Өсу» және «Бизнес-Кеңесші» курстарына 67 тыңдаушы қатысты. «Жобалық оқыту» курсында 15 адам білім алуда. «Бизнес-мектеп» шеңберінде Батыс Қазақстан облысы бойынша биыл шамамен   әлеуетті және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерді оқыту көзделген.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер