«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарда «Бизнес мектеп» түлектері жаңа жобаларды ұсынды

2020 жылғы 20 Қаңтар
- Павлодар облысы
5619 просмотров

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде Кәсіпкерлер палатасы «Бизнес мектеп» құрауышын жүзеге асырады

2019 жылы оқуға 1 мыңнан астам павлодарлық қатысты. Бизнес-тренер Қуаныш Досмағұлов оқу үш бағыт: «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу» және «Жобалық оқыту» бойынша жүргізілетінін айтты. Оқуға ӨКП алаңында, сондай-ақ онлай режимде де қатысуға болады. Соңғысы шалғай аудандарда тұратындар үшін ыңғайлы.

 «2019 жылы «Бизнес мектепте» Павлодар облысында 1153 тыңдаушы оқыды. Соның ішінде офлайн оқуға 978 адам, онлайн оқуға 175 адам қатысты. «Бизнес Кеңесшінің» ауқымы кең, жобадан алынған сертификат жеңілдікпен қаржыландыру алуда міндетті құжат болып табылады. «Бизнес-Кеңесші» – бұл жеке бизнес құру, маркетинг негіздері, адами ресурстарын басқару, бизнесті заңгерлік тұрғыда жүргізу, қаржы бойынша қысқа мерзімді оқу курсы, оның мақсаты шағын және орта бизнестің сапалы дамуын ынталандыру. «Бизнес-Өсу» жобасына жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер қатысады. Мында сату, маркетинг және басқа да бағыттарды терең оқыту жүзеге асырылады. Оқып шыққандардың арасында тыңдаушыларды бағыттар мен жобалар бойынша топтастырады. Бұл жерде бастауыш кәсіпкерге белгілі бір ауданда тиімді болатын  бірнеше шағын жоба ұсынылады. Жобалық оқыту кезеңінде дайын жобаларға барып, практикалық білім алу көзделген», – деді Қуаныш Досмағұлов.    

Оқу процесінде тыңдаушыларға оқу құралдары, құжаттардың стандартты пакеттері, соның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржыландыру алуға қажетті құжаттардың үлгілері, маркетингтік зерттеулердің нәтижелері, инновацяилар енгізудегі халықаралық тәжірибе, сонымен қатар шағын кәсіпкерлікті құруға арналған анықтамалықтар беріледі.

 Айта кетелік, «Бизнес мектеп» жұмысының шарттары бойынша белгіленген КРІ өту керек. Бұған халықты қамту, түлектер жүзеге асырған жобалар саны, сондай-ақ жобалардың көлемі кіреді. Тыңдаушылар саны бойынша облыс орталығында ең жоғары көрсеткіш, екінші орында – Ақсу моноқаласы, үшінші орында – Екібастұз моноқаласы. Тыңдаушылар саны бойынша Шербақты және Аққулы аудандары ілгері.

 «Бизнес-Кеңесші» түлектері 2019 жылы 306 млн теңгеге 68 жобаны іске асырды. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыруды 189 жоба алды. Жаңа 83 ЖК ашылды. «Бизнес мектеп» түлектері өңірде бәсекелестігі жоқ жобаларды ұсынуда. Мысалға, арболитті блоктардың өндірісі ашылды. Арболитті блок экологиялық таза құрылыс материалы, ол ағаш, минералды қоспалар мен цементтен әзірленеді. Тағы бір түлек киімді биотазалаумен айналыса бастады. Бұл жаңа технология. Биотазалау маталарды қорғайды, қатты зақым келтірмейді. Айта кетелік, Этнофуд жобасы қазақтың дәстүрлі тағамдары: талқан, қоспа сынды өнімдерді ұсынады», – деді Қуаныш Досмағұлов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер