Алматыда бизнестің қаржылық сауаттылығына қатысты тегін оқу курстары басталады
«KBS Group» компаниясы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнеске арналған қаржылық оқу курстары басталуы туралы хабарлайды. Сабақ 23 қаңтардан басталады
Дәріс беруші және тренер Мақсат Ақатаев – корпоративті қаржы және бизнесті бағалау саласындағы білікті маман, ол 15 жыл қатарынан бизнесті басқару саласында жұмыс істейді, «KBS Group» құрылтайшысы. Тренер әзірлеген авторлық оқу курсы жарты жылға шақталған, сонымен қатар «Айналым қаражатты толықтыру және инвестициялық жобаларға арналған банктік несиелеу», «Бизнестің тиімділігін арттыруды іздеу жолдары», «Бизнесіңіз үшін инвесторды табу», «Дайын бизнесті сатып алу және сату», «Қаржы менеджментіндегі ақпараттық технологиялар» және «Жобалық қатерлерді басқару негіздері» тақырыптарын қамтиды.
«Банктік несиелеу жобаларды қаржыландырудағы өзекті әрі қолжетімді құрал болудан кетіп барады. Теңге девальвациясы және тұтынушылық сұраныстың төмендеуі бизнесті әртараптандыруда жаңа талаптарды белгілеуде. Бизнестің тиміділігін арттыру үшін қандай шаралар қолдану керек? Бұл сұрақтарға жауаптарды курсымызды оқыған кезде табасыз», – деді Алматы қаласы ӨКП Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығыны маркетинг бойынша кеңес беруші Ербол Жаңабаев.
Курс тыңдаушысы болу үшін мына телефон арқылы жазылу керек +7 778 583 63 70. Сабақтар әр сәрсенбі күні 18:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасында өтеді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мекенжайы: Жібек жолы даңғылы 135, 8-қабат.
Асығыңыздар, орын саны шектеулі! Оқу аяқталған соң сертификат беріледі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: