«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Baby steps» орталығы «Атамекенім» акциясын қолдайды

2018 жылғы 05 Қазан
- Алматы қаласы
6023 просмотров

Алматы қаласындағы «Baby steps» балаларды физикалық дамыту орталығы «Атмекенім» акциясын қолдады. Орталық ай сайын мұқтаж отбасылардан 5 мүгедек баланы тегін жаттықтыруға дайын. Ерекше балаларға «Baby steps» орталығы вестибулярлы аппарат, қимыл-тірек аппаратын жұмысын жақсартуға, координация мен моториканы дамытуға бағытталған бағдарламаны ұсынады.

«Әлемдік жетекші сарапшылармен бірге физикалық денсаулық пен жетілу саласындағы бірегей бағдарламаны әзірледік. Жаттығулар ойын түрінде өтеді, осылайша барлық бұлшықеттер жұмыс істейді. Нәтиіже бірден байқалады – кішкентай қонақтарымыздың эмоциялық жағдайы жақсарады, физикалық және зияттық қабілеттері артады. Балалар тілдесуді үйреніп, сыртқы факторларға әлеуметтік тұрғыда  бейімделе бастайды», – деді жаттықтырушы Олеся Руденко.

Орталықта бір күнде 1-15 жас аралығындағы 100-ге дейін бала жаттыға алады, осы ретте бір топта максималды бала саны 10 адамнан аспайды. Бағдарлама ұзақтығы – 45 минут.

Балаларды Германияда өткен ашық кубоктар, «Suv Parisi» жарысы, Азия мен Джакарта чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы, ҚР спорт шебері Татьяна Калус жаттықтырады. Жақсы микроклимат жасау мақсатында залда «AUA Technology» компаниясы ұсынған ауаны тазалу мен дезинфекциялау жабдығы орналастырылған. Осылайша балалар вирустар мен аллергендерден қорғалған.

 «Бұл сау балаларға да, әртүрлі патологиялары, генетикалық және басқа да аурулары бар балаларға бағытталған әлеуметтік жоба. Осындай орталықты ашуға идея берген кенже қызымыз – Элис. Қызымыз өздігінен аяғына тұруы, басын бұрып, белсенді болуы үшін көп күш жұмсадық. Осының бәрі арнайы жаттығулар, массаждар арқылы мүмкін болды. Сондықан біз ерекше балаларға  апробацияланған, нәтиже беретін жаттығуларды ұсына аламыз. Патологиясы бар балаларға күтім жасау қаншылықты қиын екенін білемін. Мемлекеттік емханаларда мұндай балаларға тегін массаж да қарастырылмаған.  Ата-аналарға сондай-ақ, психологиялық көмек көрсетеміз. Өйткені мен сертификатталған психологпын, көмек беруге дайынмын», – деді Олеся Руденко.

 «Атамекенім» акциясы Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жүйелі дамытуға бағытталған. Жоба 2017 жылы 11 қыркүйекте «Атамекен» ҚР ҰКП Абылай Мырзахметовтың  қатысуымен өткен баспасөз-конференциясы барысында барлық өңірде басталды. Акция басталғанына бер оған мыңдаған кәсіпкер қатысып, қайырымдылық пен меценаттықта өз үлестерін қосып келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер