«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау: мемлекеттік гранттар және қосымша шаралар

2024 жылғы 07 Маусым
- Алматы қаласы
6739 просмотров

5 маусымда Алматы қаласы бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кәсіпкерлер палатасының қатысуымен «Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау: мемлекеттік гранттар және қосымша шаралар» тақырыбы талқыланды. Диалог алаңында Алматының әлеуметтік кәсіпкерлерінің экожүйесін дамыту үшін әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау тетіктері мен құралдары қаралды. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін 5 миллион теңгеге дейінгі сомада мемлекеттік гранттар беру Ережесі бекітілді. Гранттарға бірыңғай Тізілімге енгізілген  әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері қол жеткізе алады. Алматыда бүгінде ондай субъектілердің 78-і тіркелген.

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы өтініштерді «Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ қабылдайды.

Толығырақ ақпаратты Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасынан алуға болады. Мекен-жайы:  Байзақов көшесі, 303, 3 қабат, каб. 302

Байланыс телефондары: 390-20-99; 390-20-69.

Конкурстық құжаттамамен мына сілтеме бойынша таныса аласыз:

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033105


Еншілес ұйымдар

Серіктестер