«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астананың «Білім беруді жаңғырту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құруды жоспарлау туралы сұратым

28 Тамыз 2018
2442 просмотров

 Мемлекеттік қатысумен заңды тұлғаларды құру бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Қорытындылар беру регламентіне сәйкес қоғамдық талқылау мақсатында Астана қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Астана қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнына өзгерту арқылы қайта құру жоспарлау туралы сұратым жарияланды.

Орналасқан жері – Астана қаласы, Алматы ауданы, Иманова көшесі, 11.

 Қызмет ету ауқымы: Астана қаласының әлеуметтік-территориялық шекарасы шеңберінде.

Құрылтайшы – Астана қаласы «Білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі

 Төменде Астана қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Астана қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнына өзгерту арқылы қайта ұйымдастыруды жоспарлау туралы ақпарат берілген.

Астана қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» КММ Астана қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» РМҚК-ға өзгерту арқылы қайта ұйымдастыру білім беру саласындағы қосымша ақылы қызметтерді ұсыну мүмкіндігін көздейтін ұйымды тиімді басқаруды жүзеге асыру үшін қаржылық дербестікке  мақсаттарына негізделген.

 Қызмет ету түрлері:

1) «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы тәжірибесін енгізуде білім берудің жаңартылған мазмұнын кезең-кезеңмен жүзеге асыруды сүйемелдеу;

2) «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы тәжірибесін енгізуде білім берудің жаңартылған мазмұнын кезең-кезеңмен жүзеге асыруды сүйемелдеу, көптілді оқыту, педагогтарды аттестациялау мен білім беруді ұйымдастыру сұрақтары бойынша мұғалімдерге кеңес беру;

3) латын әліпбиіне өту үшін мұғалімдерге дайындау курстарын өткізу;

4) мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын өткізу, ағылшын тілі және жаратылыстану-математикалық цикл пәндері мұғалімдерінің диалогтық машықтарын оқыту курстарын өткізу, педагогтардың компьютерлік сауаттылығын арттыру, техникалық және бейінді білім беруге мамандандырылған қызметкерлерді қайта даярлау;

5) дәрістер, семинарлар, шеберлік сабақтар, ғылыми-техникалықконференциялар, мұғалім оқулары, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кәсіби шеберлік байқауларын ұйымдастыру мен өткізу;

6) жас және қалаға қайдатан келген мұғалімдерді оқыту;

 7) Мекеменің республикалық, қалалық іс-шараларға және білім берудің жаңартылған мазмұны, моральдық және рухани, көп тілді және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ынтымақтастықтың өзге де түрлеріне   қатысуы;

8) қоғамның білікті мамандар мен жұмысшыларға деген сұранысын қамтамасыз ету, олардың біліктілін жоғарылату мен қайда дайындау;

9)  педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін көтеру;

10) ақпарат жинау, сұрастыру, диагностика, мониторинг, талдау, синтездеу және білім берудің жаңартылған мазмұнын үйлестіру;

11) білім берудің онлайн-жүйесін дамыту, қашықтықтан оқыту мен онлайн режимінде оқыту;

12)  білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

13) оқытудың жаңа әдістерін (іскерлік ойындар, таныстырылымдар, жаттығуларды орындау) жүзеге асыру;

14) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпке сәйкес ақылы білім беру қызметін көрсету.

 Жалпы сомасы 28 515 614,98 теңгені құрайтын Жарғылық капитал мекеменің балансында тұрған мүліктен құралады және капитал мекеменің өзінде тіркелетін болады.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер