«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үлкен Нарында Мәдениет және демалыс орталығын ашу жоспарлануда

2024 жылғы 11 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
4646 просмотров

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 424 Жарлығы негізінде және "Мемлекеттік мүлік туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 14948 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі сәйкес келесіні хабарлайды:

«Үлкен Нарын ауданы әкімінің аппараты» ММ «Үлкен Нарын ауданының мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құруды жоспарлап отыр.

Құрылатын нарық субъектісінің қызмет түрі

- Экономикалық қызмет коды-93299

Жобаның негізгі бағыттары:

Кәсіпорын қызметінің мәні ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1) халық шығармашылығын дамыта отырып,  этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау, насихаттау, оларды осы заманғы мәдени- тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеуге;

2) мәдени өмір саласына тарту мақсатында концерттік гастрольдер, спектакль қойылымдары шығармашылық қызметтерін жүргізеді; 

3) Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастырады;

4) мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеуге, қорытуға, танытуға, оны енгізуге және таратуға;

5) облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, конкурстарға, фестивальдерге қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттауға;

6) мәдени-демалыс қызметі саласындағы инновациялық жобаларды, ұлттық мәдениеттердi сақтауға және дамытуға бағытталған әртүрлi мәдени акцияларды, бастамаларды қолдауға бағытталады;

7) тарихи мәдени мұра  объектісіндегі  мәдени құндылықтарды сақтау,  мәдени-ағарту және өзге де  рухани мақсаттарды іске асыру;

8) Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.

Кәсіпорынның орналасқан жері 070900, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Ш.Тумашинов көшесі, 7/2- үй.

Толығырақ ақпаратты «Үлкен Нарын ауданы әкімінің аппараты» ММ-ден алуға болады, тел.: 8 (872341) 2-11-41, 2-95-75.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қолданыстағы заңнама шеңберінде бизнес субъектілері көрсетілген жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда, 2024 жылдың 10 шілдесі сағат 18.00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысының   Кәсіпкерлер палатасына хабарласуыңызды сұраймыз.

Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 26/1 үй, № 9 кабинет, телефон номері: 8 (7232) 74-21-02, 8777-2737437

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер