«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда жер төлелер заңсыз жалға берілген

2018 жылғы 13 Тамыз
- Алматы қаласы
7457 просмотров

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерді қорғау кеңесі шағын бизнестің «Алматы тұрғын үй» ЖСШ-на қатысты шағымын қарады. Сұлулық салондары, спорт клубары, дүкендер мен кафелер иелерінің айтуынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік мемлекеттік бағдарлама арқылы салынған үйлердің жер төлелерін иемденіп, «бұл мемлекеттік активтері» деген желеумен кәсіпкерлермен жалға беру келесімшарттарын жасаған. Сөйтіп 2015 жылдан бері кәсіпкерлермен жалға беру бойынша 92 келісімшарт жасалған.

 

 2018 жылдың 3 қаңтарында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті ЖШС жұмысында бұзушылықтарды анықтады. Осы ұйғарым негізінде ЖШС кәсіпкепрелрді жалданған орынжайлардан жаппай шығара бастаған. Осы ретте жалға алушылардың көбі орынжайға күрделі жұмыс істеуге 5-6 млн теңгеге көлемінде жұмсаған. Өйткені сауда нүктелері қара сылақпен жалға берілген. Осы шығындарды кім қайтаратыны белгісіз. Ал кәсіпкерлер кәсіпті жапса, тағы шығындалады. Істің мән-жайын білген Палата заңгерлері «Алматы тұрғын үй» ЖСШ-да жер телімдеріне меншік құқығын беретін құжатттарының болмауын анықтайды.

«Алматы Тұрғын үй» ЖШС жер төлелер иесі ретінде танылып, бұл мемлекеттің активі, коммуналдық мүлік екенін алға тартып отыр, ал жалдау бойынша шарттарды қызметін пайдаланып орындап, жалға алушыларды алдап келген, осы ретте ҚР Азматтық Кодексінің 9-бабына сәйкес мәмілелерді заңсыз деп тануға болады», – деді Салтанат Лесбаева.

 Маманның айтуынша бұл жер төлелер тұрғындардың өздеріне тиесілі, демек тұрғындардың өздері ғана оларды жалдау жалдамауды шешеді.

 «Түрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 24-тармағына сәйкес ортақ мүлік – дара меншіктегі үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері, атап айтқанда кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар.  Мұндай мүлік тұрғындардың өздеріне ортақ үлестік негізде тиесілі. «Алматы Тұрғын үй» ЖШС өзінің жазбаша жауабында ортақ мүлік мемлекеттің активі, бірде тұрғын үй мүлігі, бірде Алматы әкімдігі қарауындағы мүлік деп жазады. Осындай жайт орын алғандықтан прокурорлық жауап шараларының қабылдануына, монополияға қарсы органның бұйрықтарының орындалуын тексеруді, оның ішінде ағымдағы жылы заңсыз жалдау шарттарының бар болуын тексеруді ұйымдастыру мақсатында  Алматы қаласы прокуратурасына жүгінуді ұсынамын», – деді Лесбаева.

  Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының дәйектерін қала прокуратурасы да растады.

 «Қазір барлық келісімшарттар сот тәртібінде бұзылады, өйткені «Алматы Тұрғын үйі» бұл төлелерді жалға беруге, мүлікпен айналысуға құқығы болмаған. Ал төленіп қойған жалға келсек, кәсіпкерлер өтемақыны сот арқылы өндіріп алуға хақылы», – деді прокурор.

 «Алматы Тұрғын үй» ЖШС директоры Болат Әбдралиев нұсқама негізінде жұмыс істегенін алға тартты.

 «ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті нұсқамасына байланысты 2018 жылы мүлікті жалдау бойынша келісімшарттар жасалған жоқ. Нұсқаманы орындау мақсатында жалға алушыларға орынжайды босату туралы хабарлама тараттық. Жалдан түскен қаражатты үй-жайды реттеу жұмыстарына жараттық», – деді Әбдралиев.

Кеңес отырысы нәтижесінде Алматы әкімдігіне мән-жайды толық шешу мақсатында хат жолдау бойынша шешім қалдынады. Жер төлелерін жөндеу жұмыстары мен жайғастыруға шығындалған кәсіпкерлерге экономикалық зерттеу қызметіне жүгіну ұсынылды. Қазіргі таңда «Алматы Тұрғын үй» ЖШС қатысты сот талқылауы жүріп жатыр.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер