«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті

2018 жылғы 04 Шілде
- Алматы қаласы
6294 просмотров

Іс-шарада 150 жұмыс беруші жұмыс орындарын ұсынды. Компаниялар келушілер назарына тұрақты, уақытша бос жұмыс орындары туралы ақпарат берсе, оқу орындары бағдарламалар мен курстар жайлы мәлімет берді. Ауқымды шараға Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы да қатысты.

«Бүгінде жұмыс берушілерден түсетін ұсыныстарға байланысты, ең сұранысқа ие мамандық – сату жөніндегі менеджер», – деп атап өтті Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры Мейрам Сүйіндіков.

Орталық басшысы атап өткендей, іс-шара Астана күні мерекесіне орайластырылған. Сондықтан мереке қарсаңында келушілерге палау мен 20 метрлік балкүлше дайындалған. Сонымен қатар Елорданың тарихына қатысты фотокөрме мен құжаттар ел назарына ұсынылды. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен қариялар жасаған қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі де ұйымдастырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер