«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде астаналық кәсіпкерлер бір мыңнан астам жұмыс орнын ұсынды

2018 жылғы 03 Наурыз
- Астана қаласы
5569 просмотров

Бүгін «Жастар» мәдениет сарайында Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы мен елордалық еңбекпен қамту орталғы бірлесіп  бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Шараға 60 тан астам елордалық кәсіпкер, мыңнан аса бос жұмыс орнын ұсынды.  Шараға дәстүрлі түрде қатысып келе жатқан кәсіпкер Гүлжан Нұрмұханова, жәрмеңке арқылы компанияға қажетті сатушы мен менеджер мамандарын жұмысқа алуға ниет танықтанын айтады.

Жәрмеңке арқылы Индира Қозыкеева тұрақты еңбекпен қамтылуға мүмкіндік алды. Тараздан Астанаға көшіп келген ол, екі ай бойы жұмыссыздар қатарында екен. Бүгін ол  «экономист» маманын іздеген  3 бірдей компания өкілімен кездесті.

«Қай компанияның ұсынысы маған сәйкес келсе, сол жерге барып жұмыс істеймін»,- дейді ол.  

Мамандардың айтуынша,  Астана қаласы кәсіпкерлер палатасы мен еңбекпен қамту орталығы бірлесіп өткізетін әрбір жәрмеңкеге  жұмыс іздеп жүрген шамамен 3 мыңнан астам адам келіп қатысады екен. Жыл соңына дейін орталық пен кәсіпкерлер палатасы осындай 6 жәрмеңкені  ұйымдастыруды  жоспарлап отыр.   Келесі «Бос  жұмыс орындары жәрмеңкесі» сәуірде өткізілмек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер