«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнестің бухгалтерия көмегіне жүгінуі 1,5 есе азайған

2018 жылғы 03 Шілде
- Алматы қаласы
5404 просмотров

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы Бухгалтерлер клубын құра отырып, осындай жетістікке жетті. Компания қызметкерлері клуб жұмысы арқылы біліктіліктерін арттырып, білімдерін толықтырып келеді.

Таяуда Бухгалтерлер клубына 1 жыл толды. Кезекті жиында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов клубтың құрылуынан бастап, атқарған жұмысына тоқталды.

«Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы ретіндегі бір жылдық жұмыс қорытындысы бойынша 2015 жылы түскен өтінімдерге талдау жүргіздік. Бизнестен түскен өтінімдердің 33% салық салу және бухгалтерлік есеп саласына қатысты болды. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Осы 33% өтінімде сипатталған жағдайдың 70% есепті дұрыс тапсырмау, уақытында жасамау секілді жайттарға қатысты еді. Сондықтан дәл шағын және орта бизнестегі бухгалтерлердің сауаттылығын арттыру мәселесі айқын болды. Себебі ірі бизнесте штатта бахгалтер бар, олар консалтингтік компанияны да жалдай алады. Ал қалғандары үшін бұл мәселе қиын. Осылайша клуб құру идеясы туындады», – деді Юрий Тілеумұратов.

Оның айтуынша, бір жыл ішінде Клуб жұмысының нәтижесі жоғары – өтінім саны 33%-дан 20 пайызға дейін төмендеді. Алматыда Бухгалтерлер клубы ашылғаннан кейін өзге өңірлерде осы идеяны жалғастырып, клуб жұмысын жетілдірген. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлердегі бухгалтерлер клубының үйлестіру кеңесін құрды. Оның төрағасы ретіндде Юрий Тілеумұратов сайланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер