«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бухгалтерге есептік жылды аяқтауға қатысты кеңестер берілді

2019 жылғы 19 Желтоқсан
- Алматы қаласы
8307 просмотров

Алматыда ӨКП Бухгалтерлер клубының ХХХХ кездесуі өтті

Іс-шарада кәсіби бухгалтер, ДИПИФР дипломының иегері, ҚР аудиторы Елена Розинкина спикер болды.

 Оның пікірінше, есепте кез келген шаруашылық операция бастапқы құжаттама негізіне әсер етеді.

«Бастапқы есеп құжаттары – операцияны жасау немесе оны жасауға құқық фактісі қағаз және электронды тасымалдауыштағы құжаттың куәлігі. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл қағаз операция фактісін растайды. Тексерудің үш сенімді түрі бар, олар – формальді, логикалық және арифметикалық», – деді спикер.

 Формальді тексеру кезінде құжаттың барлық реквизиттерін, дұрыс толтырылғанын, жауапты адамдардың қолтаңбаларын, құжат есепке алынған айға жататынын анықтайды. Формальді тексерудің қажеттігі толық емес немесе дұрыс толтырылымаған құжат өзінің дәлелдік күшін жояды.

 «Логикалық тексеру, немесе мәні бойынша тексеру орындалған жұмыс көлемін шамадан тыс көтеру, бағалар мен құнды көтеру, ешуақытта орындалмаған және орындалмауы керек жұмыс түрлерін бастапқы құжаттарда көрсетуді анықтауға мүмкіндік береді. Логикалық тексеру арқылы көрсетілген көлемде осы немесе басқа операция болғанын анықтауға болады. Арифметикалық тексеру қарапайым арифметикалық іс-әрекеттен ғана тұрмайды. Таксировканы жай ғана тексерген кезде бағаны санға көбейту дұрыстығын тексерумен қатар, тексеруге баға, баға қою, тарифтер, мөлшерлемелер, нормаларды тарту керек, яғни арифметикалық тексеруді логикалық тексерумен үйлестіру. Арифметикалық тексерудің міндеті таксировка немесе түрлі ведомстволарды құру процесінде бірқатар санды  қосуда қателерді анықтау», – деді Елена Розинкина.

 Бухгалтерлер клубының кезекті отырысында компания басшылары, бухгалтерлер, жеке кәсіпкерлер болды. Қонақтар сертификаттар мен ұсынымдарды тегін алды.

 «Желтоқсан – бухгалтер жұмысында ең маңызды ай. Есептік құжаттарды сұрату, есептеулерді тексеру, және жылдық есепті құруға барынша жақсылап дайындалу керек. Біз сіздердің Клубтың кезекті отырысында көруге қуаныштымыз. Алматы технологиялық университеті басшылығына осы зал үшін және Учет.kz сайтына құнды ақпарат бергені үшін алғыс білдіреміз. Бүгін берілген сертификаттар Учет.kz порталының «Кәсіби бухгалтер» сертификаттауының құжаты болып табылады», – деді Клуб жетекшісі Юрий Тілеумұратов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер