«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нарық кәсіби және білім беру стандарттарын өзгертуді талап етеді

2018 жылғы 13 Маусым
- Алматы қаласы
5164 просмотров

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы, Жоғары оқу орындары қауымдастығы және Қазақстанның салалақ қауымдастықтар еңбек нарығын дамытудың мүмкіндіктерін талқылады.

Қазіргі таңда салалар (жабдық, технология, материалар және т.б.) айтарлықтай өзгеріп отыр, тиісінше жұмыс берушілер мен білім беру процесінің талабына бейімделуі керек. Елімізге жаңа кәсіби стандарттар, білім беру стандарттар мен мамандардың біліктілігіне заманауи бағалау қажет.

«Жаңа технологиялар әлемдегі еңбек нарығын айтарлықтай өзгертіп отыр. 2035 жылға қарай өндірістік процестердің үштен бірі автоматтандырылады деп саналады. Бүгінде Алматыда 49 584 азамат жұмыссыз, жұмыссыздық деңгейі 5,3%-ға жетеді. 15-28 жас аралығындағы жастардың жұмыссыздық деңгейі 6,7%-ға жетті немесе 3 322 адам болып отыр. Негізгі себеп – маман дайындау деңгейі жұмыс берушілердің талабына сай келмейді. Негізгі мамандықтар бойынша заманауи стандарттар дайындау қажет. Бұл стандарттарға жұмыс берушілер мен бизнесмендер жұмысшының білімі, біліктілігі мен машығы қандай болу керектігін нақты көрсетеді. Кәсіби стандарттардың талаптарына қарай білім беру бағдарламаларын жаңартып немесе қайта жасау керек», ­- Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебей.

Кездесуге қатысушылар білім беру саласындағы стандарттарды дайындау мүмкіндігін талқылады. Бұл мәселеде негізгісі тәуелсіз Сертификаттау орталығын құру болып отыр. Олардың көбі (мамандарды сертификаттайтын 23 орталықтан 13-і) бүгінде ашылған және Алматыда жұмыс істейді.

Тараптар Ұлттық біліктілік жүйесінің базасында білім беру сапасын қалыптастыру жүйесін (кәсіби стандарттарды дайындау, салалық қауымдастықтардың қатысуымен кәсіби стандарт негізінде білім беру стандарттарын әзірлеу, сертификаттау орталығының желісін дамыту), білім беру кластері, біліктілік орталықтарын, тағылымнамадан өту, оқу, ресурстық орталықтарды, құру туралы келісімге келді.

2018 жылға қойылған міндеттердің арасында «Атамекен» ҚР ҰКП сарапшылары колледжер мен жоғары оқу орындарының рейтингін жасау, мемлекеттік тапсырысты орналастыруда ескерілетін білім беру бағдарламаларының рейтингін дайындау, аттестациядан өткізу, аккредиттеу және т.б. жұмыстарды анықтаған. Сонымен қатар жастардың бизнес-инкубатор, бизнес-клуб, білім алушылар мен түлектердің үздік диплом жұмыстары мен бизнес-жобаларының реестрі құру, бизнес ашуда қолдау және сүйемелдеу, оқу орындарында мансап және жұмысқа орнатасры орталықтрын ашу да қарастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер